🔷 Шымкентте қайта жаңғыртылған «Металлург» стадионы бұқаралық спортты дамытуға серпін беруде. Озық үлгіде жабдықталған нысанға қала әкімі Ғабит Сыздықбеков арнайы барып, аралап көрді.
🔷 1980 жылы пайдалануға берілген спорт кешені бүгінде заманауи талаптарға сай жаңартылған. 1504 көрерменге арналған стадионда күрес, бокс, кикбоксинг, футбол, волейбол, баскетбол, гандболға арналған залдар мен 64 орындық қонақ үй қарастырылған.
🔷 Айта кетейік, мұндағы құрылыс жұмыстары 2020 жылы басталып, биыл сәуір айында аяқталған болатын. Нысан 1 маусым — Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында қолданысқа қайта берілді. Қалада негізінен өңдеу өнеркәсібі қарқынды дамыған. Бұл саланың негізін тамақ, мұнай, минералдық өнімдер өндіру, машина жасау, фармацевтикалық өнімдер мен препараттар өндіру және металлургиялық өнеркәсібі құрайды. Өңдеу өнеркәсібі өнімдерінің үлесі 2018 жылғы 424 млрд. теңгеден 2022 жылы 821 млрд. теңгеге дейін немесе 1,9 есеге өскен. Нәтижесінде биыл Шымкент республикада бірқатар өңдеу өнеркәсібінің өнімдерін өндіру бойынша көш бастады. Айталық, елімізде өндіріліп жатқан мақта майының 98,8 %, мақта маталарының 93,2 %, дәрі-дәрмектер – 40,5 %, мұнай өнімдерінің – 36,7%, шыны ыдыстардың – 36,7%, өңделген шай мен кофеның – 33,9%, цемент клинкерлер – 31,1%, портландцемент – 24% және тазартылған күнбағыс майы – 23 %-ы Шымкентте өндіріледі.Саланы дамыту мақсатында қолданыстағы индустриалды аймақтарды кеңейту және жаңа аландар құру жұмысы қолға алынған. Атап айтсақ, аумағы 306 гектарды құрайтын «Жұлдыз» индустриялық аймағына инфрақұрылым тартылып жатыр. Алғышқы кезеңі биыл аяқталса, келесі кезеңдер 2024 жылға өтпелі.
🔷 Алдағы уақытта стадионда халықаралық, республикалық деңгейдегі түрлі іс шаралар ұйымдастырылатын болады.
🔷 Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі