16.3 C
Шымкент
Пятница, 20 сентября, 2024
Smarttop.kz

ШЫМКЕНТ: «ТАЗА ҚАЛА — ӨЗІҢНЕН БАСТАЛАДЫ» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА АЛҒАШҚЫ СЕНБІЛІК ӨТТІ

🔷 Бүгін қала әкімінің бастамасымен «Таза қала — өзіңнен басталады» атты акциясы аясында сенбілік өтті. Акцияның алғашқы сенбілігінде қала бойынша 50 мыңға жуық тұрғын атсалысып, 81 елдімекенде тазалық шаралары ұйымдастырылды.

🔷 Бадам өзенінің жағалауын тазалауға қала әкімі мен құрылымдық басқармалары және аумақтық органдардың қызметшілері үлес қосты. — Бүгін Республикалық маңызға ие Шымкент қаласының көркейіп, абаттануына үлес қосып отырған азаматтардың басын қосып отырмыз. Шымкент қаласы әкімдігінің қолдауымен, Шымкент қаласы Азаматтық Альянсының ұйымдастыруымен жыл сайын дәстүрлі түрде өтіп келе жатқан акцияның биыл ауқымы кеңейіп, үздіктер саны артып отыр. Бұған дейін қала бойынша 4-5 аталыммен ғана үздіктер анықталып келген. Биыл 5 номинация бойынша әр ауданның өз үздіктері анықталып отыр. Бұл қаланың басым бөлігін қамтуға мүмкіндік берді. Қоғамдық жұмыстарға белсенді араласып, қаланың көркеюіне үлес қосып жүрген өздеріңіздей азаматтарға алғысымыз шексіз, — деді Шымкент қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы басшысының орынбасары Бексұлтан Әділханов.

🔷 Сондай-ақ тұрғындар, көшелер мен үйлердің басқарушылары, мемлекеттік органдар мен кәсіпорындардың қызметшілері белгіленген аумақтарды қоқыстан тазартты. Сенбілікте депутаттар, кәсіподақ, қоғамдық кеңес мүшелері мен кәсіпкерлер және ерікті жастар да белсенділік танытты.

🔷 Келесі жалпысенбілікте Әл Фараби ауданы аумағына басымдық беріледі. Қала әкімінің тапсырмасы бойынша шеткі аумақтардағы қоқыс үйінділерінде тазалық шаралары күшейтіледі.

🔷 Ал қараша айында тал егу жұмыстары басталады. Қаланың орталықтары, Тұран елдімекені және аэропорт аумағына жапырақты, қылқан жапырақты түрлі декоративі ағаштар отырғызылады.

🔷 Бұл акция қазан-қараша айларында тұрақты түрде жалғасады.

🔷 Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА ЖАҢА 5 ӨНДІРІСТІК АЙМАҚ ҚҰРЫЛАДЫ

smarttop

Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары!

smarttop

ҚАЛА ӘКІМІ ТЕАТРДЫ ЖАБДЫҚТАУ МӘСЕЛЕСІН ШЕШУДІ ТАПСЫРДЫ

smarttop

Пікір қалдыру