3.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ БАҒЫТЫНДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ФОРУМ БАСТАЛДЫ

Түркістан облысы Сайрам Ауданы Көлкент демалыс аймағында Алматы облысының «Балық мектеп» ЖШС-гі, Түркістан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы және облыстың тауарлы балық өсірушілерінің ұйымдастыруымен «Балыққа өмір сыйла» атты республикалық форум өтуде.
Шараның мақсаты – еліміздің балық шаруашылығын дамыту, жаңадан балық шаруашылығымен айналысамын деген кәсіпкерлерді ынталандыру және облыстағы әуесқойлық және спорттық мақсаттағы балық аулауды дамыту және Түлкібас ауданында орналасқан Састөбе көлін балықтандыру.
Форумға балық шаруашылығының дамуына үлес қосып жүрген ірі шаруа қожалықтар мен кәсіпкерлер және балық өсіруге қызығушылық танытқан 300-ге жуық адам қатысады деп көзделуде.
Форум аясында балық өнімдерінің жәрмеңкесі, балық аулаушылар сайысы өтпек. Сондай-ақ шара барысында Түлкібас ауданында орналасқан Састөбе көлімен Шымкент қаласының аумағында орналасқан Бадам су қоймасына 100 мың дана тұқы балығының шабақтары жіберілетін болады.
Аталған шараға Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ермек Кенжеханұлы, Түркістан облысы табиғи ресрустар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Қайрат Абдуалиев, Түркістан облысы мамандандырылған табиғат қорғау прокуроры Талғат Мықтыбек, «Арал-Сырдария» облысаралық бассейіндік балық шаруашылығы инспекциясының басшысы Пазылбек Нәлібаев, Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Марат Кұрманбаев, «Балық мектеп» ЖШС-нің негізін қалаушы, балық шаруашылығы кәсіпкері Марлен Тұрсынәлі, «Хамит» АӨК директоры және Түркістан облысының депутаты Бақытжан Серманизов қатысып өздерінің тәжірибелерімее бөлісті.
Бүгінгі таңда «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша 8.5 млн теңгеге дейін 2.5% несие берілуде. Балық шаруашылығына барынша жағдай жасап, шабақ, жем және жер бөлу қарастырылған дейді Қайрат Абдуалиев.

Ұқсас ақпараттар

Полицейлер өз құрбысын алдап, несие рәсімдеген алаяқ әйелді ұстады

smarttop

ТҮРКІСТАН: ОЗЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР — СУ ТАПШЫЛЫҒЫН ТОЛЫҚТАЙ ШЕШІП БЕРЕ АЛАДЫ

smarttop

ТҮРКІСТАНДА ТІЛ ҮЙРЕНУГЕ АРНАЛҒАН ЖАҢА ЖИНАҚТАР ЖАРЫҚ КӨРДІ

smarttop

Пікір қалдыру