0.3 C
Шымкент
Понедельник, 25 ноября, 2024
Smarttop.kz

ШЫМКЕНТТІК ЖАСТАР АРАСЫНДА КІТАП ТАЛҚЫ БАСТАЛДЫ

Шымкентте «Сенің ортаң” жобасы аясында Дулат Исабековтің танымал “Сүйекші” шығармасына арналған жиын өтті. Жастар жобасына қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбектің өзі қатысты.

Шараның мақсаты – қазақ әдебиетінің маңызды шығармаларын кең аудиторияға таныстыру және әдеби талқылау арқылы қоғамдық пікірді қалыптастыру, сондай-ақ, әдеби талқылаулар арқылы қоғамда мәдени диалог орнату. Сонымен бірге бұл жоба әдебиет саласындағы маңызды мәселелерді көтеру арқылы оқырмандардың мәдени білімін арттыруды көздейді.

«Кітап ақылына ақы сұрамайтын ең құнды қазына» деген екен түркі жұртының ұлы ақыны, ойшыл Әлішер Науаи. Осы сынды кітап туралы бірнеше құнды пікірлерді сіз де жақсы білесіз. Расында қай ғасырда да кітаптың алатын орны бөлек. Кітап кемелденуге көмектеседі. Қаншама технологиялар шығып жатыр. Бірақ бұлардың бәрі кітапты алмастыра алмасы анық.

Кітап оқу-ой-санаңды кеңейтіп, адамдармен дұрыс қарым-қатынас жасауға үйретеді, өзіңді тануға және қоршаған ортаны шынайы тани білуге көмектесетін баға жетпес әрекет.

«Сүйекші» повесіндегі басты философиялық ой – қауқарсыз жалғыздық. Кедей отбасында өмірге келген Тұңғыштың ештеңеге ұмтылмай, ешқандай мақсатсыз өмірден өтуінің сыры айтылады. Шығармада қазақ қоғамының әлеуметтік мәселелері, тұлғалық қақтығыстар мен моральдық дилеммалар терең сипатталады.

Жиналған жастарды арасында осы шығарманың негізгі тақырыптары мен идеяларын талқыланып, қазіргі жастардың тұрмыс-тіршілігін сөз ете келе ұсыныстары да айтылды .

Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен өткен шарада оқырмандар мен әдебиет сүйер қауым шығарманың өзектілігін, оның әдебиеттегі орны мен қазақ қоғамындағы рөлін талқылауға белсенді қатысты.

Ұқсас ақпараттар

НҰРСӘТ ШАҒЫН АУДАНЫНА 4 ЭЛЕКТР ТРАНСФОРМАТОРЫ ОРНАТЫЛДЫ

smarttop

АСАР-2 ТҰРҒЫН АЛАБЫНДА ТАБИҒИ ГАЗ ҚҰБЫРЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

smarttop

ТҮРКІСТАН: КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫНДА ӘЙЕЛДЕР ЖҰМЫССЫЗДЫҒЫН АЗАЙТУ БОЙЫНША ШАРАЛАР ҚАРАЛДЫ

smarttop

Пікір қалдыру