13.3 C
Шымкент
Пятница, 20 сентября, 2024
Smarttop.kz

«Балыққа өмір сыйла» атты республикалық форум

Алматы облысының «Балық мектеп» ЖШС-гі, Түркістан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы және облыстың тауарлы балық өсірушілерінің ұйымдастыруымен 2023 жылдың 14 қазан күні «Балыққа өмір сыйла» атты республикалық форум өткізу жоспарланған.

Шараның мақсаты – еліміздің балық шаруашылығын дамыту, жаңадан балық шаруашылығымен айналысамын деген кәсіпкерлерді ынталандыру және облыстағы әуесқойлық және спорттық мақсаттағы балық аулауды дамыту және Түлкібас ауданында орналасқан Састөбе көлін балықтандыру.

Форумға балық шаруашылығының дамуына үлес қосып жүрген ірі шаруа қожалықтар мен кәсіпкерлер және балық өсіруге қызығушылық танытқан 300-ге жуық адам қатысады деп көзделуде.

Форум аясында балық өнімдерінің жәрмеңкесі, балық аулаушылар сайысы өтпек. Сондай-ақ шара барысында Түлкібас ауданында орналасқан Састөбе көлімен Шымкент қаласының аумағында орналасқан Бадам су қоймасына  100 мың дана тұқы балығының шабақтары жіберілетін болады.

Аталған шараға Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ермек Кенжеханұлы, Түркістан облысы табиғи ресрустар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Қайрат Абдуалиев, Түркістан облысы мамандандырылған табиғат қорғау прокуроры Талғат Мықтыбек,  «Арал-Сырдария» облысаралық бассейіндік балық шаруашылығы инспекциясының басшысы Пазылбек Нәлібаев, Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Марат Кұрманбаев, Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының басшысы Абунасыр Джанбатыров, «Балық мектеп» ЖШС-нің  негізін қалаушы, балық шаруашылығы кәсіпкері Марлен Тұрсынәлі,   «Хамит» АӨК директоры және Түркістан облысының депутаты Бақытжан Серманизов қатысады деп күтілуде.

Ұқсас ақпараттар

ШЫМКЕНТТІК ОҚУШЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФЕСТИВАЛЬДЕ БАС ЖҮЛДЕНІ ИЕЛЕНДІ

smarttop

«БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ» БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ НӘТИЖЕСІ ШЫҚТЫ

smarttop

ЕҢСЕЛІ ЖАҢА МЕШТТЕ АЛҒАШҚЫ ЖҰМА НАМАЗЫ ОҚЫЛДЫ

smarttop

Пікір қалдыру