0.3 C
Шымкент
Понедельник, 25 ноября, 2024
Smarttop.kz

ЖАЛПЫҚАЛАЛЫҚ СЕНБІЛІКТЕ ФОСФОРШЫЛАР САРАЙЫНЫҢ МАҢЫ ТАЗАЛАНДЫ

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековтың бастамасымен қолға алынған «Таза қала өзіңнен басталады» атты акция аясында Фосфоршылар сарайының аумағы да тазаланды. Тазалық іс-шарасына қала әкімінен бастап, мемлекеттік қыметшілер, кәсіпкерлер, еріктілер, мәслихат депутаттары, ардагерлер мен тұрғындар қатысып, қараусыз қалған сарай мен оның аумағын қоқыстан тазартты.
—Фосфоршылар сарайының төңірегі жабайы тоғайға айналғаны туралы көптен бері мәселе көтеріп, аудан мен қала әкімдеріне жеткізіп келдім. Осынша уақыттан кейінгі жан-айқайымызға Ғ.Сыздықбеков құлақ түріп, міне бүгін өзі бастап сенбілік ұйымдастырып отыр. Бір кездері мәдениеттің ошағы болып, бүгінде қараусыз жағдайға жеткен сарайдың айналасы тазарғанына қуанып отырмын, — дейді шаһардың белсенді ардагері Өркен Әбдіреев.
Бұл жолғы сенбілікте белгіленген аумақ тек қоқыстан тазартылып қана қоймай, шөптері шабылып, қураған ағаштары кесілді.
— Қазір тазалық акциясына 1000-ға жуық адам қатысып жатыр. Фосфоршылар сарайы бұрын жекенің меншігінде болғасын назардан тыс қалып еді. Бүгін қоршаған ортаға немқұрайлы қарамайтын азаматтардың көмегімен бұл аумақта тазалық жұмыстары атқарылып жатыр. Жалпы, осындай сенбілік қаланың әр нүктесінде тұрақты ұйымдастырылатын болады. Одан кейін тазаланған орындарға ағаш көшеттері отырғызылады, — дейді қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасы басшысының міндетін атқарушы Әбілқайыр
Оңғар.
Сенбілік өтіп жатқан аумақ 4 секцияға бөлініп, жиналған қоқысты, кесілген ағаштарды тасымалдауға Әл-Фараби ауданындағы коммуналдық мекемелердің қызметкерлері мен 50-ден астам техника бекітілген.
—Тұрғындар көптен бері осы сарайдың аумағы қараусыз қалғанын айтып келген болатын. Қала әкімі Ғ.Сыздықбеков тұрғындардың ұсынысын ескеріп, бүгін кең көлемде тазалық жұмысы жүзеге асып отыр. Бұған дейін де тұрғындар мен коммуналды қызметкерлердің күшімен сенбілік өткізіп келдік. Бүгін көпшіліктің жұмыла кіріскенінің арқасында бұл төңірек жаңа кейіпке еніп отыр, — дейді Әл-Фараби ауданы әкімінің орынбасары Марат Тәжібаев.
«Шымкент келбеті»

Ұқсас ақпараттар

Қала тұрғындарына хабарландыру

smarttop

Түркістан облысының полицейлерімен «Жеңіс күні» мерекесіне орай жалпыұлттық диктант өтті

smarttop

ЗАҢСЫЗ НЫСАНДАРҒА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗІЛДІ

smarttop

Пікір қалдыру