19.8 C
Шымкент
Воскресенье, 7 июня, 2026
Smarttop.kz

ШЫМКЕНТ: ЕКІ АЙДА 6 БҮЙРЕК АЛМАСТЫРУ ОТАСЫ ЖАСАЛДЫ

🔷 Қалалық № 1 клиникалық ауруханасында дәрігерлер алты трансплантацияны сәтті жасап шықты.

🔷 Ең күрделі ота 18 қазанда жасалды. Қос бүйрегі істен шығып, ауыр дертке шалдыққан 39 жастағы тұрғынға хирургиялық жолмен туған бауырының бүйрегі салынды. Донор мен реципиенттің жағдайы жақсарып, палатаға ауыстырылды.

🔷 Трансплантация жоғары технологиялық ота түріне жатады. Мұндай операция бүйрек жетіспеушілігіне шалдыққан азаматтардың өмірін аман алып қалуға зор мүмкіндік береді. Ағза алмастыру отасы мемлекет есебінен тегін жасалады.

🔷 Қазір барлық донорлар мен реципиенттердің жағдайы жақсы, дәрігерлер бақылауында.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар

Сайрамда бірнеше тұрғынды сан соқтырған алаяқ анықталды

smarttop

ТҰРҒЫНДАР ҚАУІПСІЗДІГІ БАСТЫ НАЗАРДА

smarttop

Қазақстан полициясының 30 жылдығына орай полицейлер арасында байқау өткізілді

smarttop

Пікір қалдыру