Smarttop.kz

ШЫМКЕНТТЕ ҮШ АУЫСЫМДЫ МЕКТЕП МӘСЕЛЕСІ ШЕШІЛДІ

🔷 Үшінші мегаполисте 9 айдың қорытындысы бойынша 3 мектепке 2 000 оқушы орнын қамтитын қосымша ғимарат салынды. Оған қоса, жаңадан 18 000 орындық 20-ға жуық жекеменшік білім ұясы ашылды. Нәтижесінде қалада үш ауысымда оқу мәселесі толығымен шешілді.

🔷 Тарқатып айтсақ, №1 мектепке 600 орындық, №45 мектепке 300 орындық, №65 мектепке 600 орындық қосымша құрылыс жүргізіліп, ел игілігіне берілді. 4 мектептің ауласында типтік үлгідегі спорт алаңшалары ашылды. 9 ғимарат: 4 мектеп, 2 балабақша, 1 колледж, 2 арнайы мектеп-интернат күрделі жөндеуден өтті.

🔷 «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 2025 жылға дейін 18 нысан салынады деп жоспарланған, оның 12-сінің құрылысы биыл басталды.

🔷 Қаладағы білім беру ұйымдары 100 пайыз арнайы талаптарға сәйкестендірілген бейнебақылау жүйелерімен, турникеттермен қамтылған.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар

ҮЗДІК МЕЙІРГЕРЛЕР АНЫҚТАЛДЫ

smarttop

ШЫМКЕНТТІК ДӘРІГЕРЛЕР ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ШАРАСЫН ҚОЛҒА АЛДЫ

smarttop

ЕРЕКШЕ ҚАЖЕТТІЛІКТЕРІ БАР АЗАМАТТАР ЖАСАҒАН ҚОЛӨНЕР ТУЫНДЫЛАРЫ КӨПШІЛІКТІҢ НАЗАРЫНА ҰСЫНЫЛДЫ

smarttop

Пікір қалдыру