Smarttop.kz

СЕМЕЙ ПОЛИГОНЫ АРДАГЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Абай ауданы жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Мирас колледжі жастарының қатысуымен әскери-патриоттық кездесу өтті.
Мақсаты — өскелең ұрпақтың бойына отан сүйгіштік, патриоттық сезімдерді қалыптастыру және сұрапыл жылдарда от кешкен ардагерлеріміздің ерлік жолын насихаттау.
Кездесуге Семей ядролық полигон ардагерлері Мұратбек Чманбеков, Еркінбек Утенов және Қалыбек Ахметов ардагер аталарымыз қатысты.
— Еңбек пен қара тердің арқасында біз тәуелсіз елде өмір сүрудеміз. Кешегі тарих – біз үлкен мотивация болу қажет. Себебі, онда Тәуелсіз елдің батырлары жөнінде жазылған. Ертеңгі ел болашағы сіздердей батыл, өжет жастардың қолында, — деді ардагер Қалыбек Ахметов.
Ардагер аталарымыз жастарға еліміздің тарихы мен өз бастарынан өткен қилы кезеңдерін баяндады. Тәуелсіздік туын тік еткен бейбіт күннің қадыр-қасиетіне жетіп, елді мен жерді сүюге шақырды.

Ұқсас ақпараттар

ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫНДА 8 КӨШЕ ЖАРЫҚТАНДЫРЫЛДЫ

smarttop

Үндеу халыққа не береді?

smarttop

Шымкентте биылғы жылдың 10 айында экономиканың негізгі салаларында өсім байқалды

smarttop

Пікір қалдыру