Smarttop.kz

ШЫМКЕНТТЕ ДАҒДАРЫС ОРТАЛЫҒЫНАН 300-ГЕ ЖУЫҚ АДАМ ПАНА ТАПТЫ

Шымкент қаласында тұрмыстық зорлық — зомбылық көрген және адам саудасының құрбаны болған азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсететін дағдарыс орталығы қызмет көрсетеді.
Жыл басынан бері орталықтың қызметіне жалпы 600-ге жуық азамат жүгініп, олардың тең жартысы жатын орынмен қамтылған. Пана тапқандардың 78-і ана, 200-ден астамы бала.
Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Балмаржан Нарбекова бүгін аталмыш орталықты аралап, қызмет алушылардың жай-күйімен танысты.
—Отбасының бақыты — татулығы мен ауызбіршілігінде. Өкінішке орай, қыз-келіншектеріміз тұрмыстық зорлық — зомбылық көріп, бала-шағасымен далада қалатын жағдайлардың жиі орын алатыны жасырын емес. Дағдарыс орталығының негізгі міндеті тағдыр тәлкегімен қиындыққа душар болған жандарға әлеуметтік қолдау көрсету.
Сондықтан, мемлекетіміз, еліміз, арқа сүйер қоғам барын ұмытпағайсыздар, — деді басқарма басшысы Балмаржан Полатқызы.
Басқармаға бағынысты «№ 3 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында» қызмет алушыларға психологиялық, медициналық және әлеуметтік еңбек, құқықтық көмектер сынды 8 түрлі әлеуметтік қызметтер көрсетіледі. Мамандардың сүйемелдеуімен қысқа мерзімдік оқу курсын оқып, әрі қарай жұмыс істеулеріне де мүмкіндіктер қарастырылған.
«Тұрмыстық зорлық-зомбылық және адам саудасы құрбаны» болғанда немесе оған куә болған жағдайда дағдарыс орталығының қызметіне жүгінуге болады.
Арнайы сенім телефоны:
8(7252)- 45-03-03
111 шұғыл желісі мен 8-775-450-54-33 нөмірі бойынша вацапқа хабарласуға болады.

Ұқсас ақпараттар

М.ӘЙТЕНОВ «БАҚЫТТЫ ЖАНҰЯ» ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

smarttop

«НҰРЛЫ КӨШ» ПИЛОТТЫҚ БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДАҒЫ БАСПАНАЛАРДЫ БАНК АРҚЫЛЫ НЕСИЕЛІК НЕГІЗДЕ РӘСІМДЕУЛЕР ЖҮРГІЗІЛУДЕ

smarttop

«TEṄ QOḠAM» ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ ЖЫЛ БАСЫНАН 8 МЫҢНАН АСА МҮГЕДЕКТІГІ БАР АЗАМАТТАРҒА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТКЕН

smarttop

Пікір қалдыру