0.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІН ЖОЮ ШАРАЛАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ

Бүгін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі Төрағасының бірінші орынбасары Ұлан Сарқұловтың қатысуымен, қала әкімі Ғабит Сыздықбековтің жетекшілігімен Агенттіктің Қоғамдық кеңесінің көшпелі отырысы өтті.

Аудан әкімдері мен басқарма басшыларының қатысуымен өткен жиында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, бизнеске жол» жобасы талқыланып, жер қатынастары, білім беру, денсаулық сақтау және құрылыс салаларындағы түйткілді мәселелер қаралды. Сондай-ақ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің басшысы Дәурен Ерғарин анықталған сыбайластық схемалары мен қайталанатын қылмыстарды алдын алу бағытындағы жұмыстарды баяндады. Агенттіктің Қоғамдық кеңесінің төрағасы Марат Башимов өз кезегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қалада қабылданып жатқан шараларға оң бағасын беріп, қоғамдық бақылау институтының жұмысына тоқталды.

Биыл әртүрлі салаларда жемқорлық тәуекелдеріне 200-ге жуық талдау және мониторинг жүргізіліп, 1 500-ден астам ұсыныс берілді. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің өңірлік карталары енгізіліп, салалардың жұмысын бағалау жолға қойылды.

Өзекті мәселеге айналған жер саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою мақсатында геоақпараттық портал әзірленген. 1 ақпаннан бастап іске қосылған жүйеде жер саласына қатысты 18 мемлекеттік қызмет пен сервис автоматтандырылды. Осыған дейін порталда 2 мыңнан аса қызмет көрсетілген.

Сонымен қатар, әкімдіктің 100-ге жуық мемлекеттік қызмет түрін «Egov», «Damumed», «Halyk» және «Kaspi» мобильдік қосымшалары арқылы алуға мүмкіндіктер қарастырылған. Қала тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, сыбайлас жемқорлықты барынша азайту мақсатында қала аумағында 3 мыңнан астам бейнебақылау камерасы орнатылған. Қазір қосымша 1 500 қондырғы орнатылуда.

Білім саласы бойынша «ustaz-nobd.iac.kz» бағдарламасы арқылы өткен жылы 758, биыл 295 педагог жұмысқа қабылданған. Сондай-ақ алдағы уақытта салада жемқорлық тәуекелдерін болдырмау мақсатында «Фаворит» ақпараттық жүйесін енгізу жоспарлануда.

Жиында қала аумағында сыбайлас жемқорлық жағдайларын жою, алдын-алу бойынша ұсыныстар талқыланып, кешенді жоспарлар бекітілді.

Ұқсас ақпараттар

ШЫМКЕНТТЕ СҰЙЫТЫЛҒАН ГАЗ ТАПШЫЛЫҒЫН БОЛДЫРМАУ БОЙЫНША ШАРАЛАР ҚАБЫЛДАНУДА

smarttop

БАЗАР ЖАСТАРЫНА 2,5 ПАЙЫЗДЫҚ НЕСИЕНІҢ ҚАЛАЙ БЕРІЛЕТІНДІГІ ТҮСІНДІРІЛДІ

smarttop

ШЫМКЕНТ ӘКІМІ ҚЫТАЙҒА ЖҰМЫС САПАРЫМЕН БАРДЫ

smarttop

Пікір қалдыру