19.8 C
Шымкент
Воскресенье, 7 июня, 2026
Smarttop.kz

ШЫМКЕНТТЕ 144 ОТБАСЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМА АЯСЫНДА БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

Шымкент қаласында мемлекеттік бағдарлама аясында тұрғын үй кезегіндегі 144 отбасы арендалық баспанамен қамтылды.

Оның ішінде 56 пәтер көпбалалы отбасыларға, 41 пәтер халықтың әлеуметтік әлсіз тобындағы азаматтарға, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға 47 пәтер табысталып, бүгінде келісімшарт жасасу жұмыстары жүргізілуде. Жаңа баспаналар Тұран шағын ауданында орналасқан.

Айта кетейік, жыл басынан бері қалада мемлекеттік бағдарлама аясында 324 пәтер арендалық бағытта кезегі келген әр түрлі санаттағы азаматтарға берілген болатын.

Бұдан бөлек жыл соңына дейін жұмыс істейтін жастарға арналған «Жастар» бағдарламасы бойынша 888 азаматқа пәтер кілтін табыстау жоспарланып отыр.

Ұқсас ақпараттар

ТЕКЕСУДЕ ТЫНДЫРЫМДЫ ТІРЛІК КӨП

smarttop

«АҚЖАР» ҚОСАЛҚЫ СТАНЦИЯСЫ АРҚЫЛЫ 50 МЫҢ ТҰРҒЫН ЭЛЕКТР ЖҮЙЕСІНЕ ҚОСЫЛАДЫ

smarttop

ТҮРКІСТАН: КЕНТАУДА ТАМШЫЛАТЫП СУАРУ МАШИНАЛАРЫН ШЫҒАРАТЫН КӘСІПОРЫН ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

smarttop

Пікір қалдыру