4.3 C
Шымкент
Понедельник, 25 ноября, 2024
Smarttop.kz

ӘКІМНІҢ КЕЗЕКТІ ЕСЕП БЕРУІ

Бүгін Шымкент қалалық мәслихатының кезекті жиырма екінші сессиясы өтті. Онда депутаттар Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің 2022 жылдың 10 айында атқарған жұмыстары туралы есебін тыңдады. Қала әкімінің айтуынша, Шымкент қаласында биылғы жылдың 10 айында экономиканың негізгі салаларында өсім байқалған.Жаңа жылдан бері Әйтенов мегаполистегі барлық 72 елдімекенді аралап, онда 374 мәселе көтерілгенін жеткізді. Әрбіріне жеке хаттамалық тапсырма жазылып, орындалуы қатаң бақылауда болды. Нәтижесінде бүгінге дейін 78 мәселе шешілді, 249-ы жыл соңына дейін шешіледі, 47 мәселе 2023-2025 жылдары шешімін табады.

Аралаудан бөлек, ай сайын аудан белсенділерімен әкімдік ғимаратында қабылдаулар өтті. Онда атқарылған жұмыстар нәтижесі баяндалып, белсенділермен мақұлданып отырды.

–Өнеркәсіп өнімінің көлемі 750,3 млрд. теңгеге жетіп, 6 пайызға өсті. Ал, инвестиция көлемі 18 пайызға, құрылыс жұмыстары 39 пайызға, пайдалануға берілген тұрғын үй алаңы 26 пайызға, бөлшек сауда көлемі 12 пайызға артты. Мемлекет басшысының өңдеу өнеркәсібін дамыту және импортты алмастыру жөніндегі тапсырмаларын орындау мақсатында тиісті жұмыстар жүргізілуде. Соның нәтижесінде экономикаға тартылған инвестиция көлемі тұрақты түрде артып келеді, – деді Мұрат Дүйсенбекұлы. Тұрғындар тарапынан жолданған сұрақтардың басым бөлігі денсаулық, шалғай елді мекендердегі инфрақұрылым, транспорт және құрылыс саласына қатысты болды.  Мұрат Әйтенов онлайн есебі аясында тұрғындар мен БАҚ өкілдерінің сауалдарына жауап берді.
Оның айтуынша, өткен 4 жылдың ішінде қала экономикасына 1,5 трилиион теңге инвестиция тартылған болса, алдағы бесжылдықта 6 триллион инвестиция тарту жоспарланған. Бұл мақсатқа қол жеткізу үшін нақты жоспар жасалған.
Халық қалаулылары қала әкімінің атқарған жұмыстарына оң баға берді. Сессия барысында депутаттар Шымкенттің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты мұнан өзге де бірқатар мәселелерді қарап, тиісті шешімдерді қабылдады.
«Шымкент келбеті»
фото ССерік Қосаев

Ұқсас ақпараттар

ШЫМКЕНТТІК ЖАСТАР ҚОСТАНАЙҒА ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕК ЖІБЕРДІ

smarttop

ШЫМКЕНТ: ЖОЛДАУДА ҚОҒАМНЫҢ КҮТКЕН ЕҢ МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ ҚАМТЫЛДЫ

smarttop

ШЫМКЕНТ: ӨТКЕН ЖЫЛЫ АНЫҚТАЛҒАН 410 ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ 89% ЖОЙЫЛЫП, ЕҢБЕК ЗАҢНАМАСЫНА СӘЙКЕСТЕНДІРІЛДІ

smarttop

Пікір қалдыру