1.3 C
Шымкент
Понедельник, 25 ноября, 2024
Smarttop.kz

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА ЖАҢА 5 ӨНДІРІСТІК АЙМАҚ ҚҰРЫЛАДЫ

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, отандық тауарөндірушілерді қолдау арқылы импортқа тәуелділікті азайту мақсатында қалада индустриалды аймақ қатарын арттыру жоспарланып отыр. Осы бағытта көлемі 867 гектар құрайтын 5 өндіріс аймағын құру қолға алынды. Бұл жөнінде бүгін Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есеп беру барысында Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков мәлімдеді.

– Қазіргі таңда қалада 5 өндірістік аймақ бар. Онда жалпы сомасы 216 млрд теңгені құрайтын 273 инвестициялық жоба іске асырылып, 8 мыңнан аса жұмыс орны ашылды. Бүгінде өндіріс алаңдарын арттыру мақсатында жаңадан көлемі 867 гектарды құрайтын 5 өндіріс аймағын құру қолға алынды. Алдағы уақытта 372 млрд теңгені құрайтын 289 жобаны жолға қойып, 12 мыңға жуық жұмыс орнын ашуды жоспарлап отырмыз. «Жұлдыз», «Бозарық» индустриалдық аймақтарына инженерлік жүйелер тартылып, келесі жылы қолданысқа беріледі. Одан бөлек, сауда-логистикалық орталықты кеңейту арқылы «Өңірлік хаб» құру жұмыстары басталды. Жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленіп жатыр. Аталған индустриалдық аймақтарды іске қосу арқылы салықтық түсімдерді арттыру көзделуде, – деді қала басшысы.

Сондай-ақ қала әкімі индустриалдық аймақтардың тиімділігі бойынша сөз қозғады.

– Бүгінде индустриалдық аймақтар өзінің экономикалық тиімділігін көрсетіп отыр. Қазынаға түскен салықтық түсім 59 млрд теңгені құрады. Өңірге тартылған инвестиция барлық салаға оң әсерін тигізуде. Индустриалдық аймақтарды тиімді пайдалану мақсатында ревизия жүргізудеміз. Басты мақсат – индустриалдық аймақтарды жандандырып, өнім көлемін арттыру. Қазірдің өзінде игерілмей жатқан 52 гектарды құрайтын жер телімі анықталды. Бұл жерлерге жаңа инвесторлар тартылады, – деді Ғ. Сыздықбеков.

Қала әкімінің сөзінше, өңдеу өнеркәсібінде оң динамика бар. Биыл 14 жобаны іске асыру жоспарланған. Есепті кезеңде жалпы сомасы 11 млрд теңгені құрайтын 6 жоба іске қосылып, 373 жұмыс орны ашылды. Оның ішінде ірі жобалар бар. Яғни, «Shymkent Temir» болат-блюм өндіретін кәсіпорнының өндірістік қуаттылығын арттыру. Құны – 5,0 млрд теңге, жылына қосымша 250 мың тонна өнім береді. 250-ге жуық адамды жұмыспен қамтып отыр. Сонымен қатар, «NURTAU distribution company» кәсіпорны азық-түлік емес өнімдер, дымқыл майлықтар, антисептиктер, сұйық және қатты сабын шығарумен айналысады. Құны 5,0 млрд теңгені құрайды. Қуаттылығы – 16 мың тонна, 40 жаңа жұмыс орны ашылған.

Айта кетейік, жалпы қаланың Бас жоспары бойынша өндіріс аймақтарының аумағын 5 мың гектарға жеткізу жоспарланған.

Ұқсас ақпараттар

ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ V СЕССИЯСЫ ӨТТІ

smarttop

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА БІРНЕШЕ БАҒЫТ БОЙЫНША ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСАДЫ

smarttop

Түркістандық полицейлер шөл далада екі күн бойы адасып жүрген баланы тапты

smarttop

Пікір қалдыру