0.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

ШЫМКЕНТ: «ФОСФОРШЫЛАР САРАЙЫ» ҚАЛА МЕНШІГІНЕ ҚАЙТАРЫЛДЫ

Ұзақ жылдан бері шешімін таппай, қараусыз қалған бұрынғы «Фосфоршылар сарайы» қала меншігіне өтті. Жуық арада бұл аумақта реновациялау жұмыстары басталады. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметі алаңында қала әкімі Ғабит Сыздықбековтің қатысуымен өткен брифинг барысында айтылды.

«Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында 5 аудан тұрғындарымен кездесіп, көпшілік тарапынан көтерілген өзекті мәселелермен таныстым. Халықты толғандыратын әрбір сұрақты бақылауға қойып, жоспарға енгіздік. Түйткілді мәселені дер кезінде шешіп, жұртшылықпен кері байланысты күшейту мақсатында қабылданған шешімдерді ашық түрде жариялап отырмыз. Алдымызда атқарылатын жұмыстар ауқымды. Бастысы тек сөзбен ғана емес, нақты іспен тұрғындардың әлеуметтік ахуалын жақсартуға барынша жұмыс істейміз», – деді қала әкімі.

Қала басшысының сөзінше, тұрғындар және қоғам белсенділерімен кездесу барысында заңсыз берілген жерлер мен ғимараттар жөнінде мәселе жиі көтеріледі. Көпшіліктің ұсынысын ескеріп, заңсыз берілген жерлер мен жекешелендірілген мемлекеттік активтерді қарау жөнінде жұмыс тобы құрылған. Құрамында құқық қорғау органдары, аумақтық департаменттер мен қоғамдық кеңес өкілдері бар.

Ұқсас ақпараттар

ШЫМКЕНТТІК ЖАС КӘСІПКЕР 10 АДАМДЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДА

smarttop

АУДАН АУМАҒЫНДАҒЫ АЯЛДАМАЛАР ЖУЫЛДЫ

smarttop

КЕЗЕКТІ КЕЗДЕСУ ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНЫҢ ЖАСТАРЫМЕН ӨТТІ

smarttop

Пікір қалдыру