Smarttop.kz

ҚАЛА ӘКІМІ КЕТКЕН КЕМШІЛІКТІ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУДІ ҚАТАҢ ЕСКЕРТТІ

Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков жеке қабылдау кезінде мәселе көтерген тұрғынның өтініші бойынша Тұран шағынауданына барды.

Қала басшысы кәріз жүйелерінің құрылысына қатысты шағымданған тұрғындармен кездесіп, мәселенің шешімін қарастырды. Тиісті мердігер басшысына 10 күн ішінде құрылыс жұмыстары кезінде кеткен кемшіліктерді қалпына келтіруді қатаң ескертті.

Сондай-ақ кәріз құрылысының жұмыс барысын қадағалаған қала әкімі құрылыс мәдениетін сақтай отырып, жұмыстарды сапалы, мерзімінде орындау бойынша нақты тапсырмалар жүктеді.

Қазіргі таңда кәріз тарту жүйесінің жұмыстары 90 пайыз орындалды. Жалпы, жоба бойынша ұзындығы 50.3 шақырым кәріз құбыры салынады.

Ұқсас ақпараттар

ШЫМКЕНТТЕ ҰСТАЗДАР КҮНІ МЕРЕКЕСІНЕ ОРАЙ «ЖАРЫҚ НҰРЫ ҒАЛАМНЫҢ» ТАҚЫРЫБЫНДА САЛТАНАТТЫ ЖИЫН ӨТЕДІ

smarttop

ШЫМКЕНТТЕ 2024-2025 ЖЫЛДАРДАҒЫ ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫНЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ШАРАЛАРЫ КҮШЕЙТІЛУДЕ

smarttop

ҚАЛА ТАЗАЛЫҒЫ — ҚОҒАМ АЙНАСЫ

smarttop

Пікір қалдыру