21.3 C
Шымкент
Среда, 22 апреля, 2026
Smarttop.kz

Генералдың жаңа жылдық сыйлығын табыстау балалар үйінде жалғасын тапты

Міне бүгінмен 4-інші күн Түркістан облысы ПД бастығының мерекелік сыйлығының үлестіріліп жатқанына.

Бұл жолы полиция генерал-майоры М.Қабденовтың сый-сияпаты Сайрам ауданында орналасқан балалар үйінің тәрбиеленушілеріне жол тартты.

Полицейлер әрбір мерекеде дәл осы балаларға барынша қуаныш сыйлауға асығады. Өмірде тағдыры қиын болған балаларды ұмыт қалдырмай, қиын да қауырт жұмыстарынан уақыт тауып, жандарынан табылады.

Сайрам ауданында орналасқан өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығының бүлдіршіндері ән айтып, би билеп, сақшы ағаларымен бірге көңіл көтерді.

Генералдың аманатын арқалап келген полицейлер балаларға жылы лебіздерін білдіріп, тілек арнады. Денсаулықтары мықты болып, ел патриоты ретінде өсіп-өнуді тіледі.

Ұқсас ақпараттар

«ЗАҢ КЕРУЕНІ» АКЦИЯСЫНДА ӘКІММЕН КЕЗДЕСУ

smarttop

БАСТЫ МАҚСАТ – САЙЛАУДЫҢ ЗАҢ ТАЛАПТАРЫНА САЙ ӨТУІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

smarttop

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ –ХАЛЫҚТЫ ҚОЛДАУ

smarttop

Пікір қалдыру