Smarttop.kz

ТҮРКІСТАН: «ДЕНІ САУ ҰРПАҚ — ҰЛТ БОЛАШАҒЫ» САЙЫСЫ БАСТАЛДЫ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сəйкес Түркістан облысында спортты өркендетуде бірқатар игілікті істер атқарылып жатыр. Облыс əкімі Өмірзақ Шөкеевтің бастамасымен бұқаралық спортты дамытуға баса мән берілуде. Түркістан қаласында «Дені сау ұрпақ — ұлт болашағы» атты спорт сайыстары басталды.
Ашық алаңдағы спорттық сайыстарды облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов пен облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Қанат Жолдықараев және спорттық мекеме басшылары бастап берді. Олар жарыс жолына велошерушілермен бірге шығып, əлемдік талапқа сай салынған «Түркістан Арена» стадионынан «Отырар» шағынауданына дейін барды.
Мұнда ауладағы балалар үшін асық ату, турникке тартылу, нысана ату, нысанаға доп лақтыру сияқты спорт түрлерінен сайыстар өткізілді. Жеңімпаздарға грамоталар мен бағалы сыйлықтар табыс етілді. Бұл игілікті бастама ары қарай жалғасын тауып, тұрғындар арасында бұқаралық спорт кеңінен насихатталады.

Ұқсас ақпараттар

ШЫМКЕНТТЕ БЕС ЖЫЛДА 900 ШАҚЫРЫМНАН АСТАМ ЖОЛ ЖӨНДЕЛДІ

smarttop

ШЫМКЕНТТЕГІ ЖАҢА БАСТАУЛАРДЫҢ БІРІ

smarttop

26-маусым — Халықаралық нашақорлыққа және есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес күні

smarttop

Пікір қалдыру