3.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

ҚАЛА ӘКІМІМЕН КЕЗДЕСУДЕН КЕЙІН ШЫМКЕНТ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ АВТОБУС МӘСЕЛЕСІ ШЕШІМІН ТАПТЫ

Шымкент қаласында көлік инфрақұрылымын дамыту, жолаушылар тасымалдау қызметі сапасын арттыру бағытында жүйелі іс-шаралар жүргізілуде. Қоғамдық көлік бағыттары кезең-кезеңімен жаңа автобустармен толығып, жол жөндеу жұмыстары жоспарға сәйкес атқарылуда.
Осы жұмыстардың барысын қадағалау мақсатында БАҚ өкілдеріне арнайы баспасөз туры ұйымдастырылды.
Қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Ержан Жолдасов БАҚ өкілдерімен бірлесе қоғамдық көліктердің аралық интервалын, қызмет көрсету сапасын бірлесе бақылады.
Қазіргі таңда қоғамдық көлік компаниялары бәсекеге қабілетті болуы керек. Қызмет көрсету сапасы жолаушылардың көңілінен шықпаған жағдайда көлік компанияларымен келісімшарт бұзылады.

Бүгіннен бастап қала тұрғындарына 26 бағыт жаңа автобустармен қызмет көрсетуде. Тасымалдаушы көлік компаниясы өз есебінен кең сиымдылықты, Yutong маркалы жаңа 10 автобусты желіге шығарды. Аталған бағыт Барыс базары мен Фосфор ауруханасы аралығында қызмет көрсетеді.

Қала әкімінің Абай ауданына қарасты Қазығұрт, Құрсай және Агроферма шағынауданының тұрғындарымен кездесуінде 34 бағыттың аралық интервалына және олардың ескілігіне шағымдар айтылған болатын. Осыған байланысты 1 мамырдан бастап аталмыш бағытта тасымалдаушы көлік компаниясы 12 автобуспен жолаушыларды тасымалдауда. Қозғалыс сызбасы Қазығұрт шағынауданы мен Клара Цеткин көшесі аралығында ұйымдастырылған.

Ұқсас ақпараттар

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ІШКІ САЯСАТ ЖӘНЕ ЖАСТАР ІСТЕРІ ЖӨНІНДЕГІ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

smarttop

Шымкент: Тәртіп сақшылары қаруға ұқсас зат алып жүрген азаматты анықтады

smarttop

ШЫМКЕНТТЕ БІР АЙЛЫҚ ЖАҢБЫР БІР КҮНДЕ ЖАУДЫ

smarttop

Пікір қалдыру