Smarttop.kz

ХАЛЫҚҚА ҚОЛАЙЛЫ ЖАҒДАЙ ЖАСАУ: ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК БАҒЫТТАРЫ ОҢТАЙЛАНДЫРЫЛАДЫ

Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, тұрақты № 171, № 171 «А» бағыттарына қосымша кестелер қосылып, № 66 бағытының қоғамдық көліктеріне 1 ақпаннан бастап өзгерістер енгізіледі.

Атап айтқанда, № 171 және № 171 «А» бағытындағы жолаушы ағынының артуына байланысты жүргізілген зерделеу жұмыстарының нәтижесінде, екі бағытқа қосымша 2 кестеден (автобустар) қосылды. Бұл ретте аталған қоғамдық көліктер 12 кесте бойынша 12 минуттық интервалмен жүреді.

Сонымен қатар, тұрғындардың өтініші бойынша жолаушылар ағыны ескеріліп, № 66 қоғамдық көлік бағыты сыйымдылығы аз «Ankai» маркалы автобустардың орнына сыйымдылығы үлкен «Yutong» маркалы автобустарға алмастырылды. № 66 автобус маршруты 16 кесте бойынша 12 минуттық интервалмен қатынайды.

Ұқсас ақпараттар

ПРОДОВОЛЬСТВЕННАЯ ЯРМАРКА ПЕРЕНОСИТСЯ НА 5 МАРТА

smarttop

Полицейлер медицина мекемелерінің қызметкерлерін бопсалаған күдіктілерді ұстады

smarttop

4 жылдан бері ораза ұстаймын, қара жорға биін де үйреніп алдым — Михаил Крокус

smarttop

Пікір қалдыру