18.2 C
Шымкент
Воскресенье, 7 июня, 2026
Smarttop.kz

ТҮРКИЯНЫҢ «AKPLAS» КОМПАНИЯСЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІ ТҮРКІСТАНҒА КЕЛЕДІ

Түркістан облысының делегациясы Түркия еліне жасаған іссапар барысында «Akplas» компаниясының өкілдерімен кездесті.
Кездесуде «Turkistan Invest» ЖШС-нің басшысы Берік Кенжебаев облыста «Turkistan Invest» сүйемелдеуімен, түрік инвестицияларының қатысуымен 50-ден астам инвестициялық жоба жүзеге асып жатқанын айтты. Түркістан облысының инвестициялық әлеуеті мен инвесторлар үшін барлық жағдай жасалған индустриалды және арнайы экономикалық аймақтарының мүмкіндіктерін таныстырды.
Тараптар екіжақты келіссөздер жүргізіп, нәтижесінде «Akplas» компаниясының өкілдері наурыз айының ортасында облысқа келіп, инвестициялық мүмкіндіктерін өз көздерімен көріп, Түркістан облысының әлеуетімен танысатын болды.
1995 жылы құрылған «Akplas» компаниясы тамшылатып және жаңбырлатып суғару техникаларын шығарумен айналысады. Түркия нарығының 40%-ын қамтиды. Суару құбырлары соққыға және қысымға төзімді. Компания жыл сайын 28 000 тонна полиэтилен шикізатын өңдейді.

Ұқсас ақпараттар

ДАРХАН САТЫБАЛДЫ ТҮРКІСТАНДАҒЫ ҚҰРЫЛЫС АЛАҢДАРЫН АРАЛАДЫ

smarttop

ХАЛЫҚПЕН КЕЗДЕСУЛЕР НӘТИЖЕ БЕРУДЕ

smarttop

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ МӘМС ЕСЕБІНЕН 2 МЫҢНАН АСТАМ ОТАНЫ ТЕГІН ЖАСАТҚАН

smarttop

Пікір қалдыру