14.3 C
Шымкент
Суббота, 7 марта, 2026
Smarttop.kz

ШЫМКЕНТ ӘКІМІ МЕКТЕП ҚҰРЫЛЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Шымкент қаласында жыл соңында бірқатар білім нысанының жанынан салынып жатқан жаңа корпустардың құрылыс жұмыстары аяқталады. Жұмыстың сапасын бақылау мақсатында қала әкімі Мұрат Әйтенов Шаяхметов көшесі бойындағы №46 жалпы білім беру мектебіндегі қосымша нысан құрылысын аралады.

Бүгінде құрылыс жұмыстары жоспарлы түрде жүргізілуде, 300 орындық нысанды пайдалануға беру ағымдағы жылдың жаңа оқу жылына жоспарланған. Тиімді білім беру үдерісін ұйымдастыру үшін жайлы кабинеттік қор, 10 мың кітап қорына арналған кітапхана, спорт және 110 орындық асхана тағы басқалары қарастырылған. Барлық оқу аудиториялары заманауи құрылғылармен жабдықталатын болады.

Жаңа ғимарат құрылысы аяқталуымен 38 адамға тұрақты жұмыс орны ашылады деп күтілуде.

Ұқсас ақпараттар

ШЫМКЕНТТІК ОҚУШЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФЕСТИВАЛЬДЕ БАС ЖҮЛДЕНІ ИЕЛЕНДІ

smarttop

Сыныптасының атынан бірнеше рет несие рәсімдеген жас жігіт ұсталды

smarttop

ШЫМКЕНТТЕ АУЫЗСУ БҰРҚАҚТАРЫ ҚАЙТА ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

smarttop

Пікір қалдыру