20.3 C
Шымкент
Четверг, 19 сентября, 2024
Smarttop.kz

ТҮРКІСТАН МУЗЫКАЛЫҚ ДРАМА ТЕАТРЫ ҮЗДІК АТАНДЫ

Бүгін «Kazakhstan Ticketon Awards 2024» жеңімпаздары анықталды. Қазақстанның мәдениет, өнер және спорт саласындағы жетінші және ең әйгілі сыйлығы – Ticketon Awards-қа дауыс беру аяқталды. Нәтижесінде Түркістан музыкалық драма театрының «Келіндер көтерілісі» қойылымы өңірлік театрлар арасында үздіктер қатарынан табылып, «Жылдың ең үздік аймақтық қойылымы» номинациясына ие болды.
Жалпы дауыс беру бір айға жалғасқан. Оған кез келген қазақстандық қатысқан. Түрлі номинация бойынша барлығы 154 620 дауыс берілген. Осылайша спорт пен өнер саласындағы ең сүйікті, талантты және елеулі өкілдерін таңдады. Жеңімпаздарға 20 сәуірде Алматыда өтетін салтанатты марапаттау рәсімінде арнайы сый табысталады.
«Келіндер көтерілісі» спектаклі көрнекті өзбек жазушы-драматургі Саид Ахмадтың ең танымал және табысты шығармаларының бірі болып саналады. Пьеса отыз жыл бұрын жазылғанымен, әлі күнге дейін өзектілігі мен мағынасын жоғалтқан емес. Былтыр ғана Түркістанда жаңа форматта тұсауы кесілген қойылымды көрермен асыға күтеді.
Айта кетейік, аталған театр ұжымы үшінші рет үздіктер қатарында. 2022 жылы «Бөрте» спектаклі «Жыл премьрасы» номиницасын алса, былтыр «Махаббат мұнарасы» «Жылдың ең үздік аймақтық қойылымы» номинациясын иеленген болатын.

Ұқсас ақпараттар

БӘЙДІБЕК БИ–АРҒЫНБЕКОВ ЖОЛАЙРЫҒЫНЫҢ 2-ШІ КЕЗЕҢІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БИЫЛ БАСТАЛАДЫ

smarttop

Полицейлер Қызыл кітапқа енген тау арқарын ұстап, сойып алған тұрғынды анықтады

smarttop

Түркістан облысының полицейлері 50-ден астам пәтер ұрлығын жасаған күдіктіні ұстады

smarttop

Пікір қалдыру