0.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

БАЛАБАҚША — БІЛІМНІҢ БАСПАЛДАҒЫ

Шымкентте мектепке дейінгі тәрбие мен оқудың сапасын арттыру мақсатында Қызылорда, Түркістан облыстары мен Шымкент қаласының мектепке дейінгі ұйым ұстаздарына арналған өңірлік семинар өтті.
Білім беру мен ғылымды дамыту бүгінгі таңда тәуелсіз елеміздің алдына қойған басты мақсаттарының бірі. Әлем елдерімен бәсекеге қабілеттілікті арттыру, елдің жаңашылдыққа бейімделе отырып дамудың жаңа деңгейіне көтерілу үшін расында білім беру саласында айтарлықтай серпін қажет. Және ол қадам жасалып та жатыр. Соның ішінде қазіргі жастарға уақыт талабына сай цифрлық оқыту, меңгерту өте маңызды.
Иә, бүгінгі жаһандану заманында еліміздің ұлттық құндылығы мен бәсекелесу қабілеті туралы ақпараттар, адам капиталының интеллектуалдық даму өлшемі aрқылы aнықталады. Бәсекеге қабілетті, қазіргі заманның жан-жақты тұлғасы болу үшін, білім беру жүйесін тиімді қолдану керек. Атап айтсақ, білім беру жүйесін жаңашаландыру кезінде білім берудің жаңа технологиялар мен әдістерді түрлендіру, педагог мамандардың білім сапасын жетілдіру, мемлекеттік білім беру стандарттарын жандандыру, жалпы, орта мен жоғары білім беру ұйымдарындағы педагог кадрлардың біліктіліктерін aрттыруға бағытталған жұмыстарды күшейтудегі негізгі шараларды жүзеге асыру керек екендігін белгіледі.Жалпы цифрлық оқытуда мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынас болғанымен, уақытты тиімді әрі жаңа білімді алуда мәліметтердің толықтығы игеріледі. Оқыту жүйесі компонеттерінің бірі болып табылатын ол оқытудың жоғары сапасын қамтамасыз ету үшін, оқу үдерісінде өскелеңұрпақтыбүгінгі өзгермелі заманда қашықтан білім алу жүйесінде өз ерекшелігімен оқшауланады. Компьютерлік сабақтарды өту барысында, шығармашылық жұмыстармен айналысуда және сыныптан тыс жұмыстарды жүргізуде оқушы мен мұғaлімнің арасында жаңа қарым-қатынас қалыптастырады.
Семинарға ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Балаларды ерте дамыту институты» РММ мамандары, Облыстық, қалалық білім басқармаларының оқу-әдістемелік орталықтары мен кабинеттерінің әдіскерлері, мектепке дейінгі ұйым басшылары, әдіскерлері, тәрбиешілері мен педагогтері қатысты.
Семинар барысында қонақтар қаламыздағы бірнеше бөбекжай-бақша базаларында болып, тәжірибе алмасты.
«Шымкент келбеті»

Ұқсас ақпараттар

«ЗАҢ КЕРУЕНІ» ТҰРҒЫНДАР АРАСЫНДА

smarttop

ҚАЙТА ЖАҢҒЫРТУДАН ӨТКЕН «МЕТАЛЛУРГ» СТАДИОНЫ БҰҚАРАЛЫҚ СПОРТТЫ ДАМЫТУҒА СЕРПІН БЕРУДЕ

smarttop

ТҮРКІСТАН: ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛАР КІРІСТЕРІ МЕН МҮЛКІ ТУРАЛЫ ДЕКЛАРАЦИЯНЫ ТАПСЫРУЫ ТИІС

smarttop

Пікір қалдыру