21.3 C
Шымкент
Среда, 22 апреля, 2026
Smarttop.kz

СҮЙІНШІ! ЖЕРЛЕСІМІЗ — ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ

🔷 Қазақстан құрамасының қоржынына екінші алтынды шымкенттік боксшы Махмұд Сабырхан салды. 54 келі салмақта сынға түскен спортшы ақтық бәсекеде өзбекстандық Айбек Джураевты екі мәрте нокдаунға жіберіп, айқын басымдықпен жеңіске жетті. 🔷 Осылайша, Қазақстан – Өзбекстан текетіресінде есеп теңесті. 1:1 Махмұд екі жыл бұрын Белградта өткен жаһандық доданың күміс жүлдегері атанған. Сайыпқыранымыз бұл жолы ринг қожайыны Ойбек Джураевпен жекпе-жекте шеберлігін паш етті. Мұны қапталдағы төрешілер де мойындады. Жерлесіміз осыған дейін Куба, Гана, Үндістан мен Мажарстан спортшыларын жеңген болатын. Ұлттық құрама қоржынына кезекті алтын жүлдені сыйлаған спортшымызды құттықтаймыз!

Ұқсас ақпараттар

Мемлекет басшысы Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, Шымкент қалалық опера және балет театрының директоры Майра Мұхамедқызын қабылдады

smarttop

ЗАҢСЫЗ ТАСЫМАЛМЕН КҮРЕС ШАРАЛАРЫ КҮШЕЙТІЛЕДІ

smarttop

Англияға жұмысқа жіберемін деп, алаяқтық жасаған ер адам ұсталды

smarttop

Пікір қалдыру