5.3 C
Шымкент
Четверг, 21 ноября, 2024
Smarttop.kz

ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ПЫСЫҚТАЛДЫ

🔷 Қала әкімі Ғабит Сыздықбековтің қатысуымен өткен арнайы жиында өрт қауіпсіздігі мәселелері талқыланды.
🔷 Отырыста 5 аудан әкімдері осы бағытта атқарылған жұмыстарды баяндады. Бүгінде әр ауданда дала өрттері туындаған жағдайда күш пен құралдарды жұмылдыру және тұрғындарды хабардар ету сызбасы дайындалып, алдын алу және жою бойынша мобильдік топ құрылған. Жауаптылар тілсіз жауды болдырмау мақсатында профилактикалық іс шараларды тұрақты түрде жүргізуде.
🔷 Казгидрометтің болжамына сәйкес, алдағы жаз мезгілі аптап ыстық болады деп күтіледі. Осыған байланысты бұл мәселе төтенше жағдайлар департаменті мен төтенше жағдайдың алдын-алу және жою комиссиясында қаралып, кешенді іс-шаралар жоспары бекітілді.
🔷 Жалпы қала аумағында «Жасыл Белдеу»және «Бадам» орман шаруашылықтары орналасқан. Екі орман шаруашылығының жер көлемі 4 мың 826 га, оның ішінде орманды алқабы 2 мың 999 га, ормансыз алқап 1 мың 827 га құрайды.
«Егер өрт пәтерден тыс жерде болса, ең сенімді нұсқа — өрт сөндірушілер келгенге дейін оны тастамай ұстау. Мұны істеу үшін алдыңғы есіктегі жарықшақтарды дымқыл шүберекпен жабыңыз немесе есікке дымқыл көрпені іліп қойыңыз. Бұл шаралар түтіннен аулақ болуға көмектеседі. Баспалдақта ашық жану болмаса да, түтіннің концентрациясы салдарынан далаға  шығуға мүмкіндік болмай қалады», — деп ескертеді ТЖМ өкілдері.

Өрт қауіпсіздігі — бұл өрт болу мүмкіндігін болдырмау және оның пайда болған кезінде адамдарға, құрылыс және материалдық құндылықтарға өрттің қауіпті факторларының жағымсыз әсерлерін жою үшін қажетті шараларды қолдану.Өрт қауіпсіздігі өрттің алдын алу шаралары мен және белсенді өрт қорғанысымен қамтамасыз етіледі.Өрттің алдын алу болып өртті болдырмау немесе оның салдарын азайтуға бағытталған іс-шаралардың кешені саналады.Белсенді өрт қорғанысы — бұл өрт немесе жарылысқа қауіпті жағдайларымен белсенді күресуді қамтамасыз ету шаралары.

🔷 Қала басшысы жауаптыларға өрт қауіпсіздігінің алдын алу және жою жұмыстарын күшейтуді тапсырды.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар

Дүкеннен ұялы телефон ұрлаған бойжеткен ұсталды

smarttop

ҚАЛА ӘКІМІ : ӘР ӘКІМ ӨЗ АУДАНЫНДАҒЫ ЖАҒДАЙДАН ХАБАРДАР БОЛЫП ОТЫРУЫ КЕРЕК

smarttop

13 жастағы қызды зорламақшы болған ер адамды ұстап, құтқарып қалған тұрғынға полицейлер алғыс айтты

smarttop

Пікір қалдыру