



«Егер өрт пәтерден тыс жерде болса, ең сенімді нұсқа — өрт сөндірушілер келгенге дейін оны тастамай ұстау. Мұны істеу үшін алдыңғы есіктегі жарықшақтарды дымқыл шүберекпен жабыңыз немесе есікке дымқыл көрпені іліп қойыңыз. Бұл шаралар түтіннен аулақ болуға көмектеседі. Баспалдақта ашық жану болмаса да, түтіннің концентрациясы салдарынан далаға шығуға мүмкіндік болмай қалады», — деп ескертеді ТЖМ өкілдері.
Өрт қауіпсіздігі — бұл өрт болу мүмкіндігін болдырмау және оның пайда болған кезінде адамдарға, құрылыс және материалдық құндылықтарға өрттің қауіпті факторларының жағымсыз әсерлерін жою үшін қажетті шараларды қолдану.Өрт қауіпсіздігі өрттің алдын алу шаралары мен және белсенді өрт қорғанысымен қамтамасыз етіледі.Өрттің алдын алу болып өртті болдырмау немесе оның салдарын азайтуға бағытталған іс-шаралардың кешені саналады.Белсенді өрт қорғанысы — бұл өрт немесе жарылысқа қауіпті жағдайларымен белсенді күресуді қамтамасыз ету шаралары.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі