0.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

ТҰРҒЫНДАР №6 ЕМХАНАДА ТЕГІН БОСАТЫЛАТЫН ДӘРІ-ДӘРМЕКТІ QR-КОД АРҚЫЛЫ АЛАДЫ

Қаламызда «Әлеуметтік әмиян» пилоттық жобасы медициналық ұйымдарға енгізіліп, тұрғындар бірқатар қызметтің игілігін көруде. Жаңа жоба медициналық ұйымдар арасында алғаш болып Шымкент қалалық №6 емханаға енгізіліп, тегін босатылатын дәрі-дәрмектерге пациенттер QR-коды арқылы қол жеткізуде. Сала мамандары цифрлы жүйе медициналық қызмет көрсетудің сапасын жақсартты, – дейді. Қазір еліміздің фармацевтика өндірісінде 168 нысан  жұмыс істеуде. Олардың үшеуі қуатты кәсіпорын санатына кіретін болса, 11 өндіріс орының жұмыс қуаты орташа және 154 мекеме шағын өнеркәсіп  қатарында аталады. Сондай-ақ бұл салада 16 мыңнан адам жұмыспен қамтылған екен.
– Жобаның тиімділігі пациенттер бұрынғыдай емханаға қайта-қайта келіп уақыт жоғалтпайды. Дәрі-дәрмек тағайындалған соң дәрігер жазған рецепт eGov Mobile мобильді қосымшасына жүктелінеді. Содан кейін пациентке 1414 арқылы смс хабарлама түседі. Пациент дәріханаға барып, ұялы телефонындағы QR кодын ұсынады. Фармацевт маман да бұрынғыдай ақпаратты қолмен енгізіп отырмайды, QR кодын сканерлеп, рецепт бойынша дәрісін береді. Осы күнге дейін 6000 пациент QR код дәрі-дәрмектерін алды. Алайда 18 жасқа толмаған және eGov Mobile қосымшасында тіркеуден өтпеген азаматтарға бұл қызмет түрі көрсетілмейді – деп түсіндірді жаңашылдықты емхананың дәрі-дәрмек бөлімінің меңгерішісі Гүлсім Адырбекова.
Жаңашыл бастама қала тұрғындарының да көңілінен шығып жатыр.
–Дәрі-дәрметкі осы eGov Mobile қосымшасы арқылы алған ыңғайлы екен. Қандай дәрі берілгенін жеке кабинетіңнен көре аласың. Уақытың да үнемделеді,- дейді төрт баланың анасы Әсел Ғаниева.
Атап өтейік, цифрлы жүйе тиімділігін көрсетіп отырғандықтан, емхана тәжірибесі шаһардағы өзге медициналық ұйымдарға да таратылуда.
«Шымкент келбеті»

Ұқсас ақпараттар

ТӘЖІРИБЕЛІ ОНКОЛОГТАР ШЫМКЕНТТЕ

smarttop

ШЫМКЕНТ – ЖАРЫҚ ҚАЛА

smarttop

БІЗ ҚОСТАНАЙЛЫҚТАРМЕН БІРГЕМІЗ!

smarttop

Пікір қалдыру