16.3 C
Шымкент
Пятница, 20 сентября, 2024
Smarttop.kz

«ЗАҢ КЕРУЕНІ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АКЦИЯСЫ БАСТАУ АЛДЫ

Акцияны өткізудің басты мақсаты — халыққа жедел құқықтық көмек көрсету, құқықтық мәдениет деңгейін арттыру, заңдарды түсіндіру, заңды құқықтарын іске асыруға мүмкіндігі жоқ әлеуметтік топтарды анықтау, өңірде қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті нығайту.

Осы орайда, ағымдағы жылдың 1 қарашасынан бастап республикалық акцияның аясында құрылған қалалық көшпелі топтың халықпен кездесуін өткізу жоспарлануда.
Кездесуде тұрғындардың мемлекеттік қызметтерді, әлеуметтік көмектерді, жәрдемақылар мен жеңілдіктерді алу, мүлікті тіркеу, мұрағаттық анықтамаларды беру, салықтарды есептеудің дұрыстығы және т.б. өзекті мәселелерінің шешімі бойынша сала мамандарынан заңнама шеңберінде тиісті КЕҢЕСТЕР мен жауаптарын алуға мол мүмкіндігі бар.
Еске сала кетейік, көшпелі топтың құрамы прокуратура, құқық қорғау мен жергілікті атқарушы, өкілді және мемлекеттік бақылау-қадағалау органдарының өкілдерінен тұрады.
Қаратау ауданы бойынша:
1. Өткізілетін күні мен уақыты: 01.11.2022ж. сағат: 9:00-18:00
Өткізілетін орны: Әмір Темір көшесі 135С, «Сайрам» мәдениет үйі ғимараты.
2. Өткізілетін күні мен уақыты: 03.11.2022ж. сағат: 9:00-18:00
Өткізілетін орны: Қаратау ауданы, Қайтпас-1, Қаһарман көшесі, н/з, №58 жалпы орта мектебі.
3. Өткізілетін күні мен уақыты: 04.11.2022ж. сағат: 9:00-18:00
Өткізілетін орны: Қаратау ауданы, Асар ш.а., Жейхун көшесі, н/з, №89 IT мектеп-лицейі
Абай ауданы бойынша:
1. Өткізілетін күні мен уақыты: 01.11.2022ж. сағат: 9:00-18:00
Өткізілетін орны: Абай ауданы, Жаңаталап елді мекені, 1/5 үй, «Мәдениет үйі»
2. Өткізілетін күні мен уақыты: 03.11.2022ж. сағат: 9:00-18:00
Өткізілетін орны: №54 жалпы орта мектебі, Ынтымақ шағын ауданы, Ташкент көшесі, №345
3. Өткізілетін күні мен уақыты: 04.11.2022ж. сағат: 9:00-18:00
Өткізілетін орны: №52 жалпы орта мектеп, Тельман бөлімшесі, Әл-Фараби көшесі, №102.
Еңбекші ауданы бойынша:
1. Өткізілетін күні мен уақыты: 01.11.2022ж. сағат: 9:00-18:00
Өткізілетін орны: Еңбекші ауданы, Базарқақпа елді мекені, Жамалов көшесі, н/з (Достық университеті)
2. Өткізілетін күні мен уақыты: 03.11.2022ж. сағат: 9:00-18:00
Өткізілетін орны: Еңбекші ауданы, Тоғыс елді мекені, Арзымбетов көшесі, №30 (Қазығұрт аумағы бойынша халықпен жұмыс жүргізу бөлімінің ғимараты)
3. Өткізілетін күні мен уақыты: 04.11.2022ж. сағат: 9:00-18:00
Өткізілетін орны: Еңбекші ауданы, Қаратөбе елді мекені, Қапал батыр көшесі, №84А (Жұлдыз аумағы бойынша халықпен жұмыс жүргізу бөлімінің ғимараты)
Әл-Фараби ауданы бойынша:
1. Өткізілетін күні мен уақыты: 01.11.2022ж. сағат: 9:00-18:00
Өткізілетін орны: Әл-Фараби ауданы, Сауле мөлтек ауданы, Жаңабаза көшесі ½ үй, №129 жалпы орта мектебі
2. Өткізілетін күні мен уақыты: 03.11.2022ж. сағат: 9:00-18:00
Өткізілетін орны: Әл-Фараби ауданы, Бам шағын ауданы №62 жалпы орта мектебі
3. Өткізілетін күні мен уақыты: 04.11.2022ж. сағат: 9:00-18:00
Өткізілетін орны: Әл-Фараби ауданы, Тауке хан 5, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті.

Ұқсас ақпараттар

ИНВЕСТИЦИЯЛАНҒАН ТАРТЫМДЫ ҚАЛА

smarttop

ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ КЕЗЕКТІ ІІІ СЕССИЯСЫ ӨТТІ

smarttop

«ШЫРҚАЛ ӘН, ТӨГІЛ ДАУЫС» ТУРНЕСІ ШЫМКЕНТТЕ ЖАЛҒАСЫН ТАПТЫ

smarttop

Пікір қалдыру