Шымкент қаласы мәслихатының төрағасы Бахадыр Нарымбетов қаладағы бірқатар мектептердің жаңа оқу жылына дайындығын тексерді. Мәслихат төрағасы алдымен Қайтпас-1 шағынауданындағы №58 жалпы орта мектептің жаңа оқу жылына дайындығын зерделеп, бірқатар ескертпелерін айтты.
Мұнда 1670 бала білім алады. Жаңа оқу жылына 120 бала бірінші сыныпқа қабылданған. Мектеп директоры болып жаңадан тағайындалған Алтынай Айтбаева мектептің ескі оқу корпусы жаңғыртуды қажет ететінін айтады.
Мәслихат төрағасы сынып кабинеттері, спорт зал, ескі оқу корпусының жағдайын аралап көрді. Кабинеттерде желдету, жарықтандыру жүйесін реттеу қажет екенін айтты. Б.Нарымбетов мектеп басшылығына дайындыққа жауапкершілікпен қарауды, анықталған кемшіліктерді тез арада түзетуді тапсырды.Жайдары жаз бітіп, қоңыр күздің келетін күні де таяу. Бұл уақыт әсіресе, мектеп оқушылары үшін жаңа өмір белесіне баланады. Алғашқы қоңырау соғылып, бірі мектеп табалдырғын жаңа аттаса, енді бірі бір сынып алға басып, жаңа сатыға көтеріледі. Шәкіртімен қуана қауышып, құшағы гүлге толған мұғалім, ақ бантик тағып мектепке асыққан оқушы күздегі тіршіліктің шырайын кіргізіп жіберетіндей. Мектеп қана емес бұл шақта балабақшалар да бүлдіршіндер үшін есігін айқара ашады. Біз бүгін білім беру мекемелерінің өткен жылдары бағындырған белесі мен жаңа оқу жылына дайындығы туралы айтатын боламыз.
Сондай-ақ, қазіргі таңда №80 мектеп-лицейдің бір блогында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Мердігер мекеме өкілдері құрылысты 25 тамызға дейін аяқтауды жоспарлап отыр. Қазіргі уақытта 50-ден астам құрылысшы қарқынды жұмыс істеуде. Б.Нарымбетов мердігер мекеме өкілдеріне құрылысты сапалы әрі өз мерзімінде аяқтауды міндеттеді.
Мәслихат төрағасы қауіпсіздік жүйелері, спорт зал, сынып кабинеттерінің жағдайымен танысып, дабыл жүйесінің дайындығын пысықтады.
«Шымкент келбеті»