6.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

СКРИНИНГТІҢ КӨМЕГІМЕН 1000-НАН АСТАМ АДАМНЫҢ ҚАТЕРЛІ ІСІК АУРУЫ ЕРТЕ АНЫҚТАЛДЫ

Шымкентте жыл басынан бері скринингтің көмегімен 1000-нан астам адамның қатерлі ісік ауруы анықталды. МӘМС шеңберінде жүргізілген медициналық профилактикалық тексерулер 1160 әйелде сүт безі мен жатыр мойны обыры және 44 адамнан тоқ ішектің қатерлі ісік ауруын ерте анықтауға мүмкіндік берген. Дәрігерлердің айтуынша, ауруды ерте сатысында анықтаудың арқасында науқастар дер кезінде ем қабылдауға кіріскен.

Жүрек-қан тамырлары ауруларынан кейін, қайтыс болу себептері бойынша қатерлі ісіктер екінші орын алады.

Жалпы бұл аурудың 100-ден астам түрлері бар, егер сырқат қатерлі ісіктің 1-2 сатысында болатын болса, оның 80,0% толық емделуіне болады. Ісіктердің көпшілігі бірнеше ай ішінде баяу дамиды.

Қатерлі ісіктің дамыған түрлері әрбір оныншы науқасқа 5 жыл өмір сүруіне мүмкіндік береді.

Скринингттік тексерулердің көмегімен қауіпті ауруларды ерте сатысында анықтап, асқынулардың алдын-алуға болады. Медициналық профилактикалық тексерулер міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде тегін жүргізіледі. Жыл басынан бері аталмыш тексеру аясында 3276 адамда қан айналымы жүйесінің аурулары, 500-ден астам шымкенттікте қант диабеті мен глаукома дерті белгілі болған.

Жалпы, скрининг мінез-құлықтық тәуекел факторлары; артериялық гипертония; жүректің ишемиялық ауруы мен қант диабеті; глаукома; жатыр мойны обыры; сүт безінің қатерлі ісігі мен колоректалды обыр; В және С вирустық гепатиттерін ерте анықтауға мүмкіндік береді.

Тексерулер жаңа туылған нәрестеден бастап 18 жасқа дейінгі балалар; 30 бен 70 жас аралығындағы ересектер мен тәуекел топтары арасында жүргізіледі.
Өз денсаулығыңызға бей-жай қарамаңыз. Халықтың денсаулығын жақсарту мақсатында МӘМС жүйесінде скринингтік тексеруге ерекше мән берілген.

Ұқсас ақпараттар

«КЕЗДЕСУГЕ ҚАДАМ» ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

smarttop

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША 205 000 АЗАМАТ ЗЕЙНЕТАҚЫ МЕН МЕМЛЕКЕТТІК ЖӘРДЕМАҚЫ АЛАДЫ

smarttop

800 000 теңгенің электр сымдарын ұрлаған күдіктілер ұсталды

smarttop

Пікір қалдыру