13.3 C
Шымкент
Пятница, 20 сентября, 2024
Smarttop.kz

ӨНЕРКӘСІП ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫС МИНИСТРІ ӘЛЕУЕТТІ КӘСІПОРЫННЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев жұмыс сапарымен Шымкент қаласына келді. Онда өңір дамуының кепілі болатын бірқатар индустриялық аймақтар мен өндірістік нысандарды аралауы жоспарланған.
Қ.Шарлапаев жұмыс сапары аясында «Тассай» индустриалды аймағындағы «Asia Trafo» ЖШС-нің жұмысымен танысты. «Asia Trafo» – отандық «Alageum Electriс» электр машина жасау саласындағы жетекші өндіруші құрамына кіретін, Орталық Азиядағы кернеуі 110, 220, 500 кВ қуаты 500 МВА дейінгі трансформаторлық жабдықтар шығаратын ең ірі зауыт. 2019 жылы іске қосылған кәсіпорын бүгінде 200-ден астам адамды жұмыспен қамтып отыр.2016 жылы Шымкент қаласында жалпы ауданы 89 га болатын «Тассай» индустриялық аймағы құрылды, «Тассай» индустриялық аймағында іске асырылып жатқан инвестициялық жобалардың жалпы саны 35, жобалардың жалпы құны 45,5 млрд.теңге құрайды , 2300-ден астам жұмыс орнынмен қамтамасыз етіледі.Қазіргі уақытта 17 жоба іске асырылды жалпы құны 27 млрд. теңгеңі құрайды және 1000-нан астам жұмыс орны қамтамасыз етілді.2021 жылы жалпы құны 1,2 млрд.теңгеге, 125 жұмыс орнынмен қамтамасыз ететін 3 инвестициялық жобаны іске қосу жоспарлануда.Жобалық қуаты жылына 120 дана жоғары кернеулі трансформаторлар өндіреді. Зауыт өнімдеріне тек ішкі нарықта ғана емес, бүгінде шет елдерден де сұраныс бар.

Министр өндіріс орнының сынақ зертханасын, дәнекерлеу-дайындау цехын аралап көрді. Кәсіпорынның жұмысын оң бағалап, осындай кәсіпорындардың көбеюі мегаполис экономикасының дамуына жол ашатынын атап өтті. Қ.Шарлапаев кәсіпорынның алда кеңею бойынша бастамаларын толық қолдайтынын мәлімдеді.
Айта кетейік, Шымкент қаласындағы «Тассай» индустриалды аймағында 30-дан астам инвестициялық жоба жүзеге асырылуда.
«Шымкент келбеті»

Ұқсас ақпараттар

Шымкент: Қала қауіпсіздігі үшін 1500 бейнекамера орнатылады

smarttop

ШЫМКЕНТТЕ КӘСІПКЕРЛІК НЫСАНДАР КӨБЕЮДЕ

smarttop

Шымкентте түнгі уақытта жанжалдасқан азаматтардан қаруға ұқсас зат тәркіленді

smarttop

Пікір қалдыру