16.3 C
Шымкент
Пятница, 20 сентября, 2024
Smarttop.kz

СЕНБІ ЖҰМЫС КҮНІ

30 тамызда Қазақстанның ең басты мемлекеттік мерекелелерінің бірі — Конституция күні атап өтіледі.

Қазақстан Республикасының Конституциясы — Қазақстан Республикасының Ата Заңы. Ағымдағы Конституция 1995 жылы 30 тамыз күні жалпыхалықтық Референдум негізінде қабылданды және 5 қыркүйек күні өз күшіне енді. Конституция 9 тараудан, 98 баптан тұрады.

Конституция мемлекеттік құрылыстың құқықтық негізін қалыптастырушы құжат болып табылады. Ол мемлекеттілік тетік, қоғамдық, саяси институттар ретінде қызметтің негізі боларлық принциптерін орнықтырды, адам мен азаматтың конституциялық мәртебесін белгіледі, экономикалық құрылыстың негіздерін айқындады. Бұл тәуелсіз Қазақстанның қабылдаған екінші конституциясы. Алдыңғы конституция 1993 жылы 28 қаңтарда қабылданған болатын.Қазақстанның тарихы мен елдегі конституциялық құқықтың дамуы жайындағы анықтамалық басылымдар қойылған. Конституция – мемлекеттің  негізгі заңы, жоғарғы заңнамалық күші бар ерекше нормативтік құқықтық акт. Конституция мемлекеттің саяси, құқықтық және  экономикалық жүйелерінің негіздерін анықтайды.

Биыл мереке сейсенбі күнге тура келіп, демалыс күні 27 тамыздан 29 тамызға, яғни дүйсенбіге ауыстырылды.
Осыған байланысты 27 тамыз, сенбі күні ХҚО-лар, мамандандырылған қызмет көрсету орталығы да 09:00-ден 18:00-ге дейін, ал кезекші ХҚО-лар 9:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейтінін хабарлаймыз.
28-30 тамыз аралығында ХҚО-лар жұмыс істемейді.
Қалған күндері жұмыс кестесі сол қалпы сақталады. Жұмыс күндері кезекші ХҚО-лар сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін, ал сенбі күні сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін жұмыс істейді.
Қалған ХҚО бөлімдерінің жұмыс кестесі: дүйсенбі-жұма сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін.
«Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясының Шымкент қалалық филиалы

Ұқсас ақпараттар

ХАЛЫҚТЫҢ МӘСЕЛЕСІ КҮН ТӘРТІБІНЕН ТҮСПЕЙДІ

smarttop

ҚАЛА ӘКІМІ ТЕАТРДЫ ЖАБДЫҚТАУ МӘСЕЛЕСІН ШЕШУДІ ТАПСЫРДЫ

smarttop

ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА ДЕЙІН 9 БІЛІМ ҒИМАРАТЫ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУДЕН ӨТЕДІ

smarttop

Пікір қалдыру