16.3 C
Шымкент
Пятница, 20 сентября, 2024
Smarttop.kz

ШЫМКЕНТ: АБАЙЛАҢЫЗ, БАЛАЛАР!

Шымкентте балалардың денсаулығы мен өмірінің қауіпсіздігін сақтау мақсатында қала аумағында 20-30 мамыр күндері аралығы «Абайлаңыз, балалар!» іс-шарасы өтіп жатыр.
Аталған іс-шараның мақсаты — кәмелетке толмағандардың қатысумен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу, жасөспірімдер жарақатын азайту және балалар арасында жол қозғалыс ережесімен таныстыру, жазғы демалыста суға кету жағдайларының алдын алу.
Іс-шара барысында жалпы білім беретін мектептердің оқушылары мен олардың ата-аналары арасында жол қозғалысы ережелерін сақтауды түсіндіру бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Сондай-ақ, жедел-профилактикалык іс-шара аясында ювеналды полиция инспекторлары балалар арасында “Жазғы демалыс”, “Жол қауіпсіздігі” тақырыбында мектептерде дәрістер өткізіп, инспекторлар оқушыларға жол қозғалысы ережелерін сақтау қажеттілігі туралы және оқушыларға бағдаршамнан өту, жолда жүру ережелерін толық түсіндірді. Жол қозғалысы ережелері – бұл көлік құралдарының жүргізушілері мен жаяу жүргіншілердің міндеттерін реттейтін ережелер жиынтығы, сондай-ақ жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында көлік құралдарына қойылатын техникалық талаптар. Күнделікті сіз жаяу жүргінші, автокөлік, велосипед немесе басқа да көлік құралдарының жүргізушісі ретінде жол қозғалысының қатысушысы болып табыласыз. Сол себепті жол қозғалысы ережелерін білу – аса маңызды деп хабарлайды.
Себебі, балалардың қатысуымен орын алатын жол көлік оқиғалары әсіресе жазғы демалыс кездерінде көбейе түседі. Жол-көлік оқиғаларының басым көпшілігі жүргізушілердің бейқамдығының, көлікті жылдамдықты асыра басқаратын жүргізушілердің жолға кенеттен баланың жүгіріп шығатынын ескермеу салдарынан да орын алуда.
Осыған байланысты, жаяу жүргіншілер мен адам көп шоғырланатын жерлерде жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер арасында сауалнамалар алынып, профилактикалық жұмыстар да ұйымдастырылды.

Ұқсас ақпараттар

БӘЙДІБЕК БИ & АРҒЫНБЕКОВ ҚИЫЛЫСЫНДАҒЫ ҚҰРЫЛЫС АЛАҢЫ

smarttop

ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ӨТІНІШІН БАҚЫЛАУ МАҚСАТЫНДА АРНАЙЫ ЧАТ ЖҰМЫС ЖАСАЙДЫ

smarttop

Полицейлер қоғамдық көлік жүргізушілерге қатысты құқық бұзушылықтарды анықтауда

smarttop

Пікір қалдыру