16.3 C
Шымкент
Пятница, 20 сентября, 2024
Smarttop.kz

МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР КҮНІНЕ БАЙҚАУ ЖАРИЯЛАНДЫ

«Бәйтерек» қоғамдық бірлестігі Шымкент қалалық ішкі саясат және жастар ісі жөніндегі басқарманың қолдауымен мемлекеттік Рәміздер күніне БАЙҚАУ жарияланды.
Байқаудың мақсаты — Тәуелсіздік құндылықтары, мемлекеттік рәміздерді насихаттау, сол арқылы адам бойында отансүйгіштік, патриоттық сезімдерді тәрбиелеу, мемлекеттік рәміздерге деген терең құрметті қалыптастыру, сапалы контент жасақтау, шығармашылықты шыңдау.
Байқау «Үздік іс-шаралар», «Үздік пост»,«Үздік ролик» номинациялары бойынша өтеді.
«Үздік іс-шаралар» номинациясы бойынша: Іс-шараның сценариі, өту барысынан тақырыптың мәнін ашып, танымалдылығын арттыратын 1 бейнеролик ұсынылуы керек. Ұзақтығы 1,5 минуттан аспауы қажет; Іріктеу кезеңінен өткен жұмыстарға әділқазылар баға беріп үздік деген 5 жұмысты анықтайды. Үздік жұмыстар әлеуметтік желіде жарияланып, оқырмандардың талқысына салынады.
Әлеуметтік желіде жинаған лүпілдер де есепке алынады. Іс шаралар 2023 жылмен 2024 жылдың 31 шілдесіне дейін өткізілген болуы керек. Байқаудың шарты бойынша «Үздік іс-шаралар» номинациясы бойынша Шымкент қаласындағы қоғамдық ұйымдар, қоғамның барлық саласындағы мекемелер, кәсіпорындар қатыса алады.
«Үздік пост» номинациясы бойынша: — Мемлекеттік рәміздер туралы посттар әлеуметтік желіде жарияланады. Шымкент қаласы ішкі саясат басқармасы, Серпіліс қорының парақшалары, «Көк тудың желбірегені» тобы тегтелу керек.
Үздік посттарды қазылар алқасы мән-мағынасы, әлеуметтік желіде жазылған пікірлерді ескере отырып анықтайды.
Жазбалар байқау жарияланған күннен бастап, 1 қазанға дейін жарияланған болуы керек. Байқаудың шарты бойынша әлеуметтік желі қолданушылары, журналистер, жеке тұлғалар, шығармашылық ұжымдар қатыса алады. Өңірге шек қойылмайды.
— «Үздік ролик» номинациясы бойынша: Тақырыптық роликтерде мемлекеттік рәміздердің мағынасы толық ашылып, арнайы түсірілім жасалу керек. Ұзақтығы 1,5 минуттан аспау қажет; Іріктеу кезеңінен өткен жұмыстарға әділқазылар баға беріп үздік деген 5 жұмысты анықтайды. Үздік жұмыстар әлеуметтік желіде жарияланып, оқырмандардың талқысына салынады. Сондай-ақ, әлеуметтік желіде жинаған лүпілдер де есепке алынады. Жұмыстар 2024 жылғы қазанның 1-не дейін қабылданып, ашық түрде әділқазылар алқасының сараптамасынан өтеді. Байқаудың шарты бойынша «Үздік ролик» номинациясына әлеуметтік желі қолданушылары, журналистер, жеке тұлғалар, шығармашылық ұжымдар қатыса алады. Өңірге шек қойылмайды.
Байқауға қатысуға ниет білдірушілер назарына мына мекен-жайды ұсынамыз:
Шымкент қаласы, Түркістан көшесі 2/1 электронды пошта kyzmet_kz@mail.ru
Байланыс тел: Ұялы: 87016210651
ЖҮЛДЕ ҚОРЫ
Бас жүлде: Теледидар
1-ші орын: Ноутбук
2-ші орын : Ұялы телефон
3-ші орын : Смарт қолсағат

Ұқсас ақпараттар

2,5% ЖЕҢІЛДЕТІЛГЕН ШАҒЫН НЕСИЕ БЕРУ БОЙЫНША «АШЫҚ ЕСІК» КҮНІ ӨТТІ

smarttop

Касым-Жомарт Токаев

smarttop

Құны 16 миллион теңгеден асатын ұсақ малдарды сатып жіберген қойшы ұсталды

smarttop

Пікір қалдыру