Smarttop.kz

ШЫМКЕНТ: ҚАЛА ӘКІМІ ҚЫТАЙ ЖӘНЕ ӨЗБЕКСТАН ИНВЕСТОРЛАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков Қытай және Өзбекстан инвесторларымен кездесті. «Қытайдың 22-ші металлургиялық корпорациясы» АҚБ өкілдері қаламызға инвестиция салып, бірқатар әлеуметтік және спорттық нысандар салуға ниет білдірді. Сонымен қатар, «B.A.Holding» басшылығымен металлургиялық зауыт салу мүмкіндігін талқыланды.
Қала әкімінің инвесторлармен кездесу барысында Шымкент қаласының инвестициялық әлеуеті, мемлекеттік қолдау шаралары, инвесторларға берілетін жеңілдіктер, сондай-ақ арнайы экономикалық және индустриялық аймақ қатысушыларына қарастырылған жеңілдіктер туралы айтты.
Кездесу соңында қала әкімі біз үшін әрбір инвестор маңызды екенін айта отырып, шетелдік компания өкілдеріне қаламызға қызығушылық танытқаны үшін алғысын білдірді. Сондай-ақ өз тарапымыздан жан-жақты қолдау көрсетуге және қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз етуге дайынбыз, деп сөзін қорытындылады.
«Атамекен» кәсіпкерлер палатасы Үкімет пен бизнестің арасындағы көпір қызметін атқарады деуге болады. Біз кәсіпкерлердің заңды мүддесі мен құқығын қорғаймыз, шағын және орта бизнестің қалыпты дамуы бағытында жұмыс істейміз. Осы мақсатта прокуратура, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет, экономикалық тергеп-тексеру департаменті сияқты құзырлы-бақылау органдарымен тығыз байланыста жұмыс істейміз. Оған қоса Палатада шағын бизнесті қолдау мақсатында сервистік қызметтер көрсетіледі. Қызметтің барлығы – тегін. Бастауыш кәсіпкерлер мен әйел кәсіпкерлерге арналған түрлі оқыту бағдарламалары, дамыту орталықтары бар. Ал салалық кеңестер аясында түрлі мәселелерді талқылап, мемлекеттік органдармен ақылдасып отырамыз», – деді Бауыржан Бердалиев.Қытайлық делегация тарапынан Huahe International компаниясының өкілі бизнес-сапарларының мақсатын таныстырды. «Бізге арнайы кездесу өткізіп, қарсы алғандарыңызға өте қуаныштымыз. Делегация құрамында түрлі компаниялар келіп отыр, олардың Орталық Азия елдерінің нарығына шығуына көмектескіміз келеді. Және Қытайда сіздердің делегацияларыңызды қарсы алып, өзара әріптестік байланысты арттыру мәселелері мемлекеттік деңгейде де талқылануда. Бұл жолы бірнеше компания өкілдері Қазақстанға келіп, жалпы экономикалық нарықтың жағдайымен танысып отыр. Бізге барлығы ұнап отыр, енді компаниялар жергілікті нарыққа инвестиция құюға қызығушылық танытып отыр», – деді Huahe International компаниясы жобасының жетекшісі Соня Ван Синь. Бұдан кейін қонақтар мен жергілікті кәсіпкерлер өздерін жеке таныстырып, айналысатын салалары туралы мәлімет берді. Екі тарап өзара сөйлесіп, әріптес болуға ықтимал компаниялардың мүмкіндіктерімен жақынырақ танысты, байланыс мәліметтерін алмасты.

Ұқсас ақпараттар

ПРЕЗДИДЕНТІМІЗ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫ

smarttop

САПАЛЫ ЭЛЕКТР ҚУАТЫМЕН ҚАМТЫЛУДА

smarttop

ҚАЛА ӘКІМІ КӨТЕРМЕ БАЗАРЛАРДЫ АРАЛАДЫ

smarttop

Пікір қалдыру