-Бағдарлама балалардағы ең маңызды ауруларды (диарея, пневмония, тамақтанудың бұзылуы, анемия, төмен салмақ, тамақ-құлақ проблемалары) біріктіре, ықпалдастыра отырып емдеу, тез әрекет ету, сондай-ақ, балаға қауіпсіз даму ортасын қалыптастыру, иммундау және күтім жасау нұсқамаларын қамтиды.Балаларғы маусымдық аурулар тұрмыстық немесе ауа-тамшы жолымен беріледі. Бірінші жағдайда инфекция тұрмыстық заттар, ойыншықтар, ыдыс-аяқ немесе төсек-орын арқылы жұғады. Жұқтырған адаммен бір бөлмеде болған кезде жұқтыру ықтималдығы жоғары, ағзаның инфекцияға сезімталдығы иммунитеттің сипаттамаларына тікелей байланысты, сондықтан оны сақтау, суық тию журетін күз және қыс мезгілінде мультивитаминді кешендерді қабылдау арқылы иммунитетті көтеру өте маңызды.
Балалардағы маусымдық аурулардың негізгі себептері — витамин тапшылығы, иммунитеттің төмендеуі, вирустық инфекциялардың алдын-алу әдістерін сақтамау. Баланы маусымдық аурулардан қорғау үшін Сіз алдын-алу мәселелеріне жауапкершілікпен қарауыңыз керек, жұқтыру қаупін азайтып, суық тию журетін күз және қыс мезгілінде иммунитетті сақтауыңыз керек.