4.3 C
Шымкент
Воскресенье, 24 ноября, 2024
Smarttop.kz

ЖАС ҒАЛЫМДАРДЫ ҚОЛДАУ – ҒЫЛЫМДЫ ДАМЫТУҒА ОҢ ЫҚПАЛЫН ТИГІЗЕДІ

Бүгін Шымкент қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметі КММ ұйымдастыруымен «Жас ғалымдарға әлеуметтік көмек көрсету және білімін жетілдіру әдістері» тақырыбында Сарапшылардың дөңгелек үстелі өтті.
Оған «Бәйтерек» жастар ұйымының төрағасы Қонысбеков Ролан, — «Бәйтерек жастар ұйымы» қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары Досмұхамед Асылбек, Ө.Жәнібеков атындағы ОҚПУ Әлем тарихы және дінтану кафедрасының аға оқытушысы Мәди Бесбаев, Шымкент университетінің «Тарих және құқық» кафедрасының аға оқытушылары Марат Бейсенбаев пен Айжамал Оңғарова, М.Әуезов атындағы ОҚУ-дың жас ғалымы, PhD докторанты; Басқарма төрағасының баспасөз хатшысы Әзімхан Исмайлов, «Өңірлік коммуникациялар қызметі» КММ ақпарат бөлімінің маманы, журналист Ғалиябану Төлегенқызы және Әль – Фараби атындағы ғылыми кітапханасының директоры, ақын Анар Жаппарқұлова қатысты.
Дөңгелек үстел барысында Жас ғалымдарға әлеуметтік көмек әдістері және жас ғалымдардың білімін жетілдіру туралы, отандық ғылым саласы қалай дамып жатқандығы, жалпы еліміздегі ғылым саласының дамуы жөнінде сөз қозғалды.
Басқосуда алдымен сөз алған Ғ.Төлегенқызы жас ғалымдарға әлеуметтік көмек көрсетудің оқу-тәрбие процесін қолдау және олардың ғылыми қызметі үшін қолайлы жағдай жасаудың қазіргі таңда маңыздылығына тоқтала келе, қалай көмек, қолдау көрсетуге болатындығының бірқатар әдістерін атап өтті. Оның ішінде алдымен қаржылық қолдау, тұрғын үй мәселесі, біліктілікті арттыру бағдарламалары, инфрақұрылымдық қолдау, ғылымға деген қызығушылығы мен ұмтылысын дамыту, танымал ғалымдармен байланыс орнату, ынталандыру, насихаттау сияқты мәселелерге тоқталды.
Одан әрі осы бағытта тығыз талқылау болды. Аға оқытушы Мәди Бесбаев қазіргі кезде ғылымға көп көңіл бөлініп, қолдау жасалып жатқандығын тілге тиек етіп, қазіргі кезде ғылыми әлеуетімізді арттыру керектігін айтты. Оқу орнындағы ғылымға қатысты мысалдарымен бөлісті. Ал жас ғалым Әзімхан Исмайлов та ғылым жолының оңай еместігін, дегенмен бастаған істі аяғына дейін жеткізуге ұмтылу керектігін айта келе, өзінің зерттеуінің нәтижесі «Әуезов һәм Абай» атты екі томдық жинағын кітапханаға табыс етті.
Айта кетейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласына жұмыс сапары барысында Ұлттық ғылым академиясының таяуда ғана күрделі жөндеуден өткен «Ғылым ордасы» ғимаратын аралап көріп, ғылыми қауымдастықпен кездескен болатын. Онда Мемлекет басшысы жаһандық ғылыми-техникалық революция жағдайында ғалымдар мен білімпаздардың рөлі бірден артатындығын айта келе алдағы екі жылда жас ғалымдардың зерттеуіне бөлінетін грант саны тағы да көбейетінін, ол үшін бюджеттен 18 миллиард теңге бөінетіндігін мәлімдеді. Сондай-ақ, нақты шаралар арқылы еліміздегі ғылымды және жалпы ғалымдар қауымын қолдау жымысы алдағы уақытта да жалғасатындығын жеткізді.

Ұқсас ақпараттар

ШЫМКЕНТ: ЖЫЛУ ҚҰБЫРЛАРЫ ҚЫРКҮЙЕК АЙЫНА ДЕЙІН ЖАҢАРТЫЛАДЫ

smarttop

ҰЛТТЫҚ НАҚЫШТАҒЫ СӘН КИІМ ҮЛГІЛЕРІНІҢ КӨРМЕСІ ӨТУДЕ

smarttop

Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің отырысы өтті

smarttop

Пікір қалдыру