9.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

ҚҰРБАН АЙТ МЕРЕКЕСІНЕ ОРАЙ БІРҚАТАР РУХАНИ ІС-ШАРАЛАР ӨТЕДІ

Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Әбдірахманов келе жатқан «Құрбан айт» мерекесіне орай арнайы баспасөз брифингін өткізді. Қаланың бас имамы биылғы ұлық мерекенің ерекшелігін, құрбандық шалу тәртібін түсіндіріп, дайындық барысынан хабардар етті. Биылғы Құрбан айт намазы Шымкент қаласы бойынша барлық мешіттерде 16 маусым күні таңғы сағат 6:00-де оқылады.
«Құрбан» сөзі «жақын болу», «жақындау» ұғымды білдіреді. Бұл – шынайы ниет пен Аллаға деген сүйіспеншілікті паш ететін мейрам. Ұлық мерекенің тәрбиелік мәні мен мағынасы осында жатыр. Ұлық мейрамда үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету, көңілі жабырқаған жанға қуаныш сыйлау, мұқтаж адамға құрбандық етін таратып, сауап алу сынды ізгі амалдар ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келеді.
Бақдәулет қажы Нұрматұлы мереке қарсаңында мал бағасын қымбаттатпау бойынша кәсіпкерлерге бас мүфтидің үндеуін жеткізіп, мерекеде барынша жақсылық жасауға шақырды.
– Биылғы мерекені ерекше өткізсек деген жоспарымыз бар. Жалпы қала тұрғындарына қуаныш, көтеріңкі көңіл күй сыйлау мақсатында бірқатар іс-шаралар қолға алынып отыр. Атап айтқанда, қала әкімдігімен бірлесіп тұрғындар мен қонақтарға арналған «Балаларға базарлық», QURBAN AIT FEST атты мерекелік, рухани іс-шаралар өтеді. Онда дәстүрлі әндеріміз насихатталып, ұлттық спорт ойындарынан сайыстар ұйымдастырылады. Қаланың барлық мешіт алаңында рухани іс-шаралар өткізу жоспарлануда. Мұсылман қауымын мейірімділік пен бірлікке үндейтін мейрамда барынша жақсылық жасап жарысайық, – деді бас имам.
Қаржылай мүмкіндігі бар, әрі жолаушы емес мұсылманға құрбандық шалу – уәжіп амал, мұсылмандық міндет. Баспасөз мәжілісінде қашықтан құрбан шалуға арналған qurban2024.kz сайты таныстырылды. Сонымен қатар, қалада құрбандық шалуға арнайы 3 орын белгіленіп отыр. Онда барлық санитарлық-талаптар сақталған.
Айта кетсек, 16 маусым – Құрбан айт мерекесіне орай қала тұрғындары мен өзге де қонақтарына қоғамдық көліктерде тегін жүру ұйымдастырылады. Яғни, айттың алғашқы күнінде қоғамдық көліктер жолаушыларды тегін тасымалдайды.
«Шымкент келбеті»

Ұқсас ақпараттар

«ҚОҒАМДЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРДІ ШЕШУДЕ АҚСАҚАЛДАР КЕҢЕСІНІҢ РӨЛІ ЕРЕКШЕ»

smarttop

М.ӘЙТЕНОВ БЕЛСЕНДІ ЖАСТАРМЕН КЕЗДЕСТІ

smarttop

«Жеке кәсіпкерлікті ынталандыру перспективалары» тақырыбында кездесу өтті

smarttop

Пікір қалдыру