22.3 C
Шымкент
Четверг, 19 сентября, 2024
Smarttop.kz

МАХАББАТ АРАЛЫНДА ДА ЖЕМҚОРЛЫҚ

Тау бөктеріндегі табиғат – Ана салған аралда, үш тағдыр мен табиғат иелері арасындағы тартыста таразы басына азғындық пен махаббат тасы салынады. Қай тас басым түспек?..
Бұл Ж.Шанин атындағы Шымкент қалалық академиялық қазақ драма театрында өткен Ә.Тауасаровтың «Махаббат аралы» драмасының премьерасы еді.
Пьеса ертеректе жазылғанымен, қазіргі таңдағы ушығып тұрған жемқорлық мәселесін меңзейді. Қойылым үш кейіпкер арқылы адамзатқа тән асыл қасиеттер мен сезімдердің арзандап кеткенін көрсетеді. Белгілі азамат, хирург, Марат Мамаевичтің ұғымында сатылмайтын нәрсе жоқ. Адамды емдеп жазу үшін ақы алатын дәрігер, жас, сылқым арумен табиғат аясында демалуға келеді. Бірақ, тағдыр деген шебер емес пе, оны кезінде науқас әйелін аман алып қалу үшін бар дүниесін дәрігерге ұстатқан орманшымен жолықтырады. Ақшасы көп, дегені орындалып қалған хирургтің қырсыққанда көлігі бұзылып, азық-түлігі суға кетіп, белінен шойырылып, жүре алмай әбігерге түседі. Бірақ, жанынан орманшы табылып, хирургке әр қадамына ақша сұрап, ақылы қызмет көрсетіп, ескі кегін қайтарады. Оған өмірлік жарынан айырылған адамның жан күйзелісін осылай ұғындырмақ болады. Соңында ақшасы таусылған Марат Мамаевич болашақ жарын ойланбастан орманшыға ертіп жібереді. Ал, сылқым Айна сүйгенінің шынайы кейпін танығанда қателескенін ұғынып, одан теріс айналады.
Қойылым режиссеры Ш.Айтматов атындағы Халықаралық сыйлықтың лауреаты Қуандық Қасымов үш кейіпкер арқылы тұмса табиғат аясында махаббаттың нәзік пернесін жүрек қылымен тербеткен жас қыздың жанын жаралаған адам арқылы барлығы бар заманда адам жан-дүниесінің азғындауна не себеп?.. Азғындық пен адалдықтың формуласы бар ма?.. деген әлемдік сұраққа жауап іздейді. Адам тағдыры мен табиғат арасындағы арпалысты талқыға салатын қойылымның көрерменге берері мол.

Ұқсас ақпараттар

ЖОСПАРЛАРДЫ ТАЛҚЫЛАДЫ

smarttop

Түркістан полицейлері жолда көлігі бұзылып тұрған шымкенттік әйелге көмектесіп, алғыс алды

smarttop

ШЫМКЕНТТЕ МҮГЕДЕКТІГІ БАР БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ШАҒЫН ҮЙ АШЫЛДЫ

smarttop

Пікір қалдыру