Smarttop.kz

«МЕН АНАМЫН, АҚЫНМЫН, ӘЛЕМДІ ОЙЛАР…»

Биыл қазақтың көрнекті ақыны, Халықаралық «Алаш» сыйлығының, «Барыс» және «Парасат» ордендерінің иегері Ханбибі Есенқарақызы 75 жасқа толып отыр.
Осы ретте, әр қазақтың бойына бесік жырындай дарыған «Нурикамал» әнінің авторы Ханбибі Есенқарақызымен Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасында сыр сұхбат өтті.
100-ге жуық оқырманы мен елге сыйлы азаматтар жиналған жиынның мақсаты Ханбибі Есенқарақызының шығармашылығына ақынның өзімен бірге үңілу. Шымкент қалалық мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының басшысы Бауыржан Орынтаев, ақын, Жазушылар одағының мүшесі Сатыбалды Қосалыұлы, жазушы, журналист Шойбек Орынбаевтар тік тұрып, қошеметпен қарсы алды. Қазақ философиясының тарихындағы ағартушылық бағыт ұстанған көрнекті ағартушылар Шоқан Уәлиханов, Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбайұлының еңбектерінен айрықша көрінді. Қазақ даналық ойының үш алыбының қай-қайсысы болмасын адам дүниетанымының философиялық мәселелерімен шұғылданып, тамаша үлгісін қалдырған. Адам болу мен адамгершілікті сақтаудың қиындығы мен күрделілігі – адам жаратылысының қоспа болмысы мен екі жолдың бірін таңдай алатын еркінің бар болуына байланысты. Сәби, бала кезінде адамның таңдау жасай қоюы қиын. Ақыл-есі кіре келе оң-солын танып, таңдай алатын дәрежеге жетеді. Шамамен «он үште отау иесі» дегендей, кезеңге жетіп, әр адам өз болмысына сай адам болуды ойлай бастайды. Бірақ адам болу кедергісіз даңғыл жол емес, бұл игі әрекеттің қабатында қарсыласып ылғи да нәпсі деген дұшпан жүреді. Адам үшін үлкен жау, зор кедергі – нәпсі.
Хан қызына көрсетілген құрметтен кем түспейтін халық қошеметінен кейін, ақынның шығармашылығы туралы бейне-ролик көрсетілді. Ханбибі апамыз өзінің өлеңдерінде бүгінгі қоғамдағы кемшін тұстарды қалт жібермейді. Тіпті алда болатын игілікті істерді елден бұрын болжап, өлеңіне арқау еткен.
Іс-шара барысында Ө.Жәнібеков атындағы ОҚПУ-нің студенттері түйткілді мәселелерді түйреп жазған поэзияды оқып, көпшілікке рухты сезім сыйлады. Сондай-ақ, Қазақстан композиторлар одағының мүшесі Құралай Сәтмұханбетова «Алтынай», «Көңілгүл» атты әндерін орындады.
«Шымкент келбеті»

Ұқсас ақпараттар

Видади Нурузов «Елге қызмет ету әрбір қазақстандықтың борышы

smarttop

ШЫМКЕНТТЕ “СОЛЛАЛЬ» МЕЙРАМЫ АТАП ӨТІЛДІ

smarttop

В ШЫМКЕНТ ИНВЕСТИРОВАНО 536 МЛРД ТЕНГЕ ИНВЕСТИЦИЙ

smarttop

Пікір қалдыру