1.3 C
Шымкент
Понедельник, 25 ноября, 2024
Smarttop.kz

ШЫМКЕНТ: АНА МЕН БАЛА ДЕНСАУЛЫҒЫ – БІРІНШІ ОРЫНДА!

Шымкентте ана мен бала денсаулығын нығайту және өлім-жітімді азайту мақсатында кешенді істер жүзеге асырылып отыр.

2023 жылы босандыру және базалық қызметінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға 151 бірлік жабдық сатып алынып, босану ұйымдарының көмек көрсету деңгейі көтерілді. Нәтижесінде қалалық № 2 аурухананың перзентхана бөлімшесі мен қалалық перзентхана перинаталдық көмектің 3-деңгейіне ауыстырылды. Сондай-ақ Шымкент қалалық № 3 аурухананың перзентхана бөлімшесі 2-деңгейге ауыстырылды. Бұл қала перзентханаларының материалдық-техникалық базасының нығаюымен қатар, медициналық қызмет сапасының артуына зор ықпал етіп отыр.

Биыл Шымкент қаласында алғаш рет «Бір күндік клиника» бірегей жобасы іске қосылды. Қалалық перинаталдық орталық базасында ашылған клиникада жүкті әйелдер ерте кезеңде диагностикалық тексеруден өтіп, туа біткен ахауларды дер кезінде анықтауға мүмкіндік береді.

Қазіргі таңда, перзентхананың барлық бөлмелеріне беделер орнатылып, әйелдерге гигиеналық жағдайлар жасалынған. Сонымен қатар, туылған нәрестелерге қосымша арнайы кереуеттер бөлінген. Босану залдарында табиғи жолмен босануға жағдай жасалынып, жүкті әйелдер үй жағдайындағыдай әртүрлі қимылда болады (отырып, жатып, арқан көмегімен тағандап тұрып және т.б), еркін босануға мүмкіндік алады.
Жаңа туылған нәрестелер денсаулығы- олардың өмір сүруіндегі алғашқы айдағы  денсаулығы.
Босанғаннан кейін ананың балаға деген мейіріміне ықпал ету мақсатында нәрестені көкірегіне жатқызады. «Перзентханада атқарылып жатқан іс-шаралардың қатарына босану  серіктестігі модулі енгізілген, яғни босанатын әйелге үйіндегі жақындарының біреуі келіп демеу болады. Осы арада атап айтарлығы – мұнда әрбір босанатын әйелге жеке бөлме бөлінген.

 

2023 жылдың сәуір айында неврологиялық және басқа да патологиясы бар 3 жасқа дейінгі балаларға арналған №2 оңалту орталығының базасында ерте араласу бөлімшесі ашылды.
Айта кетейік, 2023 жылы Шымкент қаласында ана өлімі тіркелмеді. Ал, нәрестелер өлімі 7,2 пайызға төмендеген.
«Шымкент келбеті»

Ұқсас ақпараттар

БІЗ ӨЗ ТАҢДАУЫМЫЗДЫ ЖАСАДЫҚ!

smarttop

В ШЫМКЕНТЕ В ЭТОМ ГОДУ ОТРЕМОНТИРУЮТ 348 КМ ДОРОГ

smarttop

ОТАНДЫҚ ӨНІМДЕР БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІ БОЛУЫ ТИІС

smarttop

Пікір қалдыру