13.3 C
Шымкент
Пятница, 20 сентября, 2024
Smarttop.kz

ЖЫЛ БАСЫНАН 14 000-ГЕ ЖУЫҚ ЗЕЙНЕТКЕРГЕ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТТІ

Қазіргі таңда Шымкент қаласында «Белсенді ұзақ өмір орталығының» 2 бөлімшесі бар (1 орталық 2 бөлімше) . Мұнда зейнет жасындағы азаматтар 4 сағат ал, жалғызбасты қарттар 8 сағатқа дейін жартылай стационар жағдайда қызмет түрлерін ала-алады. 2019 жылы орталықта көрсетілетін қызмет түрі 15 болса, қазір олардың саны 31-ге жеткен. Атап айтсақ, физиотерапия кабинеті мен сенсорлық терапиясы болса, тұз кеніші (солева шахта), АRT терапиясы (сурет салу өнері, саз қолөнері, құмтерапиясы), ерлерге арналған еңбек терапиясы (шеберханасы), караоке зал (ән айту), әсемдік жасару терапиясы және бассейн бар.

«Ардагерлермен зейнеткерлерге қамқорлық жасау, оларды қоғамның белсенді өміріне тарту мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі. Бүгінде орталықта 715 ке жуық зейнеткер арнаулы әлеуметтік қызмет түрін алуда. Қызмет алушылар орталыққа келгенде міндетті түрде бірінші дәрігерлік тексеруден өтеді. Апта сайын дендросаябаққа барып дене шынықтырумен және йогамен айналысады», — дейді «Белсенді ұзақ өмір орталығының» басшысы Мауия Сахибекқызы.

Белсенді ұзақ өмір орталығы – ересек адамдар ағылшын тілін үй­реніп, компьютерлік сауат­ты­лық курстарынан өтіп, емдік дене шынықтырумен, бимен және т.б. айналыса алатын бос уақы­тын өткізу мекемесі. Нәтижесінде, егде жастағы қазақстандықтар қоғам­ға белсенді түрде араласып, олар­дың психоэмоционалдық жағдайы жақсаруда. Әзірге мұн­дай орталықтар еліміздің бір­не­ше қаласында ғана жұмыс іс­тейді.

Орталыққа келу үшін жеке кәулік пен зейнеткерлік куәлігінің көшірмесі, медициналық картаны толтырсаңыз жеткілікті. Осылайша, құрмет демалысына шыққан азаматтар қоғамдық, мәдени шаралардан да тыс қалмай, оларды қоғамға әлеуметтендіруде белсенді іс-шаралар жүргізілуде.

«Белсенді ұзақ өмір орталығы» КММ туралы толық ақпаратты 8(7252) 53-02-08 нөміріне хабарласу арқылы білуге болады.

Ұқсас ақпараттар

ЖОЛ-КӨЛІК ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫН ДАМЫТУҒА БАСЫМДЫҚ БЕРІЛГЕН

smarttop

ШЫМКЕНТТЕ РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ ДОСТЫҚ ҮЙІНІҢ БАЗАСЫНДА «БІРЛІК АЛАҢЫ» АШЫЛДЫ

smarttop

ШЫМКЕНТТЕ БИЫЛ 73 КӨПҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙДІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРГІЗІЛЕДІ

smarttop

Пікір қалдыру