16.3 C
Шымкент
Пятница, 20 сентября, 2024
Smarttop.kz

«SUMMER CAMP-2024» ОҚУ ЖАТТЫҒУЫ ӨТУДЕ

Ағымдағы жылдың 16-30 маусым аралығында «EdLight Academy» орталығының ұйымдастыруымен Астана қаласы «Spectrum International School» базасында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадаға қатысушы оқушыларға арналған «Summer camp-2024» оқу жаттығу жиыны өткізілуде.     Оқу – жаттығу жиынының басты  мақсаты –  жаратылыстану – математикалық бағыттағы пәндер бойынша олимпиаданың барлық деңгейіндегі жеңімпаздар мен жүлдегерлерін  сапалы даярлауды қамтамасыз ету және қолдау. Пәндік білімге ерекше  қызығушылық мен қабілет танытқан оқушылардың арасынан  олимпиадалық резерв дайындау.
Жиынға Шымкент қаласынан жалпы пәндер бойынша республикалық олимпиадаға жолдама алған және олимпиадалық резервтегі 53 оқушы қатысуда.  Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты — бәсекеге қабілетті маман дайындау. Мектеп – үйрететін орта, оның жүрегі — мұғалім. Ізденімпаз мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше тұс — оның сабақты түрлендіріп, тұлғаның жүрегіне жол таба білуі. Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау — әр мұғалімнің борышы. Ол өз кәсібін, өз пәнін , барлық шәкіртін , мектебін шексіз сүйетін адам.Өзгермелі қоғамдағы жаңа формация мұғалімі – педагогикалық құралдардың барлығын меңгерген, тұрақты өзін-өзі жетілдіруге талпынған, рухани дамыған, толысқан шығармашыл тұлға құзыреті.Жаңа формация мұғалімі табысы, біліктері арқылы қалыптасады, дамиды.
Оқу жиынының мақсаты: оқушыларға пәндік олимпиадаларға дайындықтың стратегиялары мен әдістерін үйрету, сонымен қатар пайдалы ресурстар мен оларды пайдалану тәртібін көрсету, Республикалық деңгейде бәсекелестік және пәнді игеру үшін жеткілікті қажетті материалдармен қамтамасыз ету, олимпиада деңгейіндегі есептер мен тестілерді шешу әдістерін үйрету, уақытты тиімді пайдалану дағдыларын қалыптастыру, олимпиадада жоғары жетістіктерге қол жеткізу.

Ұқсас ақпараттар

ШЫМКЕНТТІҢ ГЕОАҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫНДА 6 ҚЫЗМЕТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

smarttop

БОЗАРЫҚТАҒЫ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ ҚҰРЫЛЫСЫН ТЕКСЕРДІ

smarttop

Түркістанда мас халде көлік басқарған жүргізушіге қатысты сот үкімі шықты

smarttop

Пікір қалдыру