Іс-шараға Әл-Фараби ауданы ТЖБ аға инженері Баратов Сүйінбай Мағдатқасымұлы және Жастар ресурстық орталығының еріктілері қатысты.Ең алдымен шомылатын судың тереңдігі мен тазалығына мұқият болу қажет. Әдетте соңы қайғыға ұласатын оқиғалар суға шомылуға тыйым салынған жерлерде болатыны жасырын емес. Сондықтан, тек рұқсат етілген орындарда шомылған жөн. Белгіленген қоршаудан тыс аумаққа және техникалық ескерту белгілерінің үстіне шығуға болмайды. Бассейн, теңіз бен көлдерге ішімдікке масайған күйде кірмеу қажет.
Тағы бір ескеретін жайт — балаларды қараусыз қалдырмау. Мектепке дейінгі және мектеп жасындағы кішкентай балалар үнемі үлкендердің қарауында болуы тиіс. Сәл үлкенірек жастағы жасөспірім балалар, өздері су айдынына шомылуға барған кезде суға түсуге рұқсат етілген, қауіпсіздігі сақталған жерлерде шомылуы қажет. Оларға белгі қойылған жерден асып жүзуге болмайтынын, жағадан алыс жүзбеу керектігін егжей-тегжейлі түсіндіру қажет.