Қазақстан полициясы күніне орай қаланың үш мектебінде кадет сыныптары ашылды. Оларға қызметтік міндеттерін атқару кезінде ерлікпен қаза тапқан полицейлер Нұраш Байтіленов, Нұржан Шойынбаев және Тайыр Шералиевтің есімдері берілді. №90, 89 және 135 мектептердің 75 оқушысы салтанатты түрде ант қабылдап, кадет атанды.
«Жас кадет » қозғалысының көздегені – өскелең ұрпақ бойында жоғары азаматтық белсенділікті, патриотизмді, рухани-адамгершілік қасиетті дамыту. Жеке тұлғаны қалыптастыру арқылы Отан алдындағы жауапкершілікті сезінуге тәрбиелеу. Сонымен бірге, жастар арасында дене шынықтыру мен әскери-қолданбалы спорт түрлерін танымал етуді мақсат еткен.Бос уақытының өзі қадағаланады. Жай ғана күнделікті киімінің жағасына ақ матаны тігуі оларда тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелейді. Күнделікті сабаққа киетін киімдері жүріп-тұруға ыңғайлы болса, мерекелік кештерде киетін киімдері бір бөлек. Айына бір рет жақын маңдағы әскери бөлімге барып, ондағы өмірмен етене танысады. Қоғамдық жұмыстарға белсене араласып, тұлғалық қасиеттерін қалыптастырады.
Кейінгі кезде бұл игі бастама заманға лайық, жетіле түсуде. Қазір оқу-әдістемелік орталығы мен қалалық білім бөлімі бірлесіп, «Жас кадет» сыныптарының жұмысын ұйымдастыру және облыстағы білім беру ұйымдарында әскери-патриоттық клубтар ашу бағытында әдістемелік ұсынымдар әзірлеуде екен. Демек, «Жас кадет » сыныптары болашақта елін қорғайтын, оның гүлденуіне үлес қосатын нағыз патриот азаматтар тәрбиелейтіне бек сенімдіміз.
Ашылу салтанатына қала әкімінің орынбасары Айдын Каримов пен полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Думан Таев қатысты.

Олар кадеттерді құттықтап, алдағы уақытта құқықтық тәртіпті сақтауда еліміздің лайықты азаматтары болатынына сенім білдірді. Сонымен қатар, мектеп оқушыларын білімді табандылықпен игеруге және өздерінде адам бойындағы ең жақсы қасиеттерді қалыптастыруға шақырды.
Айта кетейік, қала мектептерінде кадет сыныптарын ашу оқушылардың әскери-патриоттық тәрбиесіне ықпал етеді.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі