9.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

ШОМЫЛУ МАУСЫМЫНДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ

Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің және Әл-Фараби ауданының Төтенше жағдай басқармасының бірлесе ұйымдастыруымен жаз мезгіліндегі қауіпсіздік ережелерін түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Іс-шараға Әл-Фараби ауданы ТЖБ аға инженері Баратов Сүйінбай Мағдатқасымұлы және Жастар ресурстық орталығының еріктілері қатысты.Ең алдымен шомылатын судың тереңдігі мен тазалығына мұқият болу қажет. Әдетте соңы қайғыға ұласатын оқиғалар суға шомылуға тыйым салынған жерлерде болатыны жасырын емес. Сондықтан, тек рұқсат етілген орындарда шомылған жөн. Белгіленген қоршаудан тыс аумаққа және техникалық ескерту белгілерінің үстіне шығуға болмайды. Бассейн, теңіз бен көлдерге ішімдікке масайған күйде кірмеу қажет.

Тағы бір ескеретін жайт — балаларды қараусыз қалдырмау. Мектепке дейінгі және мектеп жасындағы кішкентай балалар үнемі үлкендердің қарауында болуы тиіс. Сәл үлкенірек жастағы жасөспірім балалар, өздері су айдынына шомылуға барған кезде суға түсуге рұқсат етілген, қауіпсіздігі сақталған жерлерде шомылуы қажет. Оларға белгі қойылған жерден асып жүзуге болмайтынын, жағадан алыс жүзбеу керектігін егжей-тегжейлі түсіндіру қажет.

Түсіндірме жұмыстарының барысында тұрғындарға суға шомылу барысындағы қауіпсіздік ережелері, балаларды үлкендердің қарауынсыз қалдырмауды сондай-ақ, белгіленбеген су арналарының жағалауында суға шомылуға қатаң тиым салынатынын хабарлап, қауіпсіздік ережелері көрсетілген жадынама парақшаларын тарқатты.
Еске сала кетейік, Шымкент қаласының аумағында қазіргі таңда суға шомылуға рұқсат етілген 3 демалыс аймағы бар. Олардың ішіне қаламыздың орта бөлігінде орналасқан Қошқар ата өзені кіреді.

Ұқсас ақпараттар

ӘЛЕМДІК ДОДАДА КҮМІС ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ

smarttop

ҚАЙНАРБҰЛАҚ САЯЖАЙЫНЫҢ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ ШЕШІМІН ТАУЫП КЕЛЕДІ

smarttop

ЖОЛДАРДЫҢ ЖАҒДАЙЫН ЖАҚСАРТУ -НАЗАРДА

smarttop

Пікір қалдыру