3.3 C
Шымкент
Суббота, 23 ноября, 2024
Smarttop.kz

СЕНАТ ДЕПУТАТЫ БОЗАРЫҚ ШАҒЫНАУДАНЫ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІН ТЫҢДАДЫ

ҚР Парламенті Сенатының депутаты Нұрлан Бекназаров Шымкент қаласына жұмыс сапары аясында бірқатар әлеуметтік нысандарды аралап жүр. Сенат депутаты бүгін Бозарық шағынауданында өзекті мәселелер бойынша тұрғындармен кездесіп, аз қамтылған отбасыларға арналған тұрғын үй құрылысымен танысты.
Шағынауданда 2021 жылы жұмыс істейтін жастарға арналған арендалық пәтерлер берілген еді. Жалпы 10 үй. Кездесуде тұрғындар үйдің сапасына қатысты бірқатар кемшіліктерді жеткізіп, үйді бастапқы жарнамен ипотекалық бағытта рәсімдеу жөнінде өз ұсыныстарын айтты. Сондай-ақ, жол, терезелерді қымтау, кәріз мәселесін шешіп беруді сұрады. Шымкент қаласы Бозарық елдімекені бүгінде территориялық ауқымына қарай екіге бөлінеді. Яғни Бозарық шағын ауданы және саяжайы. Қаланың жаңа құрылымдық жоспарына сай қазір Бозарық шағын ауданы Абай ауданына қарасты болып белгіленген, ал Бозарық саяжайы Қаратау ауданының аумағында.
Жалпы Бозарық елдімекені қаланың динамикалық даму бағытында орналасқандықтан мұнда маңызды нысандар соңғы жылдары көптеп салынуда.

Біз бүгін қос Бозарықты да өз алдарына бөлек-бөлек қамтып таныстырғалы отырмыз.
Алдымен 7 мыңнан аса халқы бар Абай ауданы Бозарық шағын ауданының жай-күйін айтып өтейік. 1 285 жеке секторлы тұрғын үйі, 1 мектеп және 1 балабақша, 2 спорт алаңшасы бар шағын ауданда электр жүйесі 100 пайыз қамтылған. Дегенмен, ауыз су және табиғи газ мәселесі әлі де шешімін табу кезеңінде. Мәселен, шағын аудан ауыз сумен 52% қамтылған, бұл 670 үй санын білдіреді, ал 48% ескі жүйемен тұтынады. Ескі жүйедегі 615 үйге қазіргі уақытта ЖСҚ әзірленген. Бірінші кезеңнің жоба құны 1,7 млрд.теңгені құрайды. Жалпы жоба құны 4,5 млрд теңге болғандықтан, қалған 2-інші және 3-інші кезеңі Қаратау ауданындағы Бозарық саяжайында іске асырылады.

Жиынға қалалық тұрғын үй, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы, Полиция департаменті өкілдері қатысып, тұрғындардың мәселелеріне жауап берді. Жауапты мердігер мекеме өкілі бес жыл кепілдік мерзімі бойынша кемшіліктер кезең-кезіңмен шешіліп жатқанын айтады.
Сенат депутаты ендігі ретте тұрғындарды аулаларды күтіп-ұстауға шақырды. Ал тұрғын үйдің құжаттарын рәсімдеу бойынша зерделеу жұмыстарын жүргізіп, бақылауға алатынын мәлімдеді.
«Шымкент келбеті»

Ұқсас ақпараттар

АШЫҚ АЛАҢДА АШЫҚ СҰҚБАТ

smarttop

Білімге көңіл бөлу басты назарда

smarttop

ҮШ АУЫСЫМДЫ МЕКТЕП ЕНДІ БОЛМАЙДЫ

smarttop

Пікір қалдыру