4.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

СУ ТАСҚЫНЫНАН ЗАРДАП ШЕККЕН ТҰРҒЫНДАРҒА ЖАҢА ҚОНЫС БЕРІЛДІ

Су тасқыны салдарынан еліміздің бірнеше өңірлері зардап шекті. Біздің Президентіміздің басшылығымен бірігіп, бүкіл ел болып, су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсетті. Қазақстанның түкпір-түкпірінен гуманитарлық көмектер жіберілді. Топан су Қазақстанның бірнеше облысындағы тұрғындарды есеңгіретіп жіберді. Бірінде үйі мен мал-мүлкі су астында қалса, екіншісінде тұратын баспанасы ішінара бұзылған. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қалыптасқан жағдай «Үкімет пен әкімдіктердің арасында жүйелі байланыс болмағандығынан» деп баға берді. Мемлекет басшысы тасқынға байланысты қазақстандықтардан кешірім сұрап, жауапты шенділерге қатаң сөгіс берді.
Ауданда мемлекеттің қолдауымен және «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының қайырымдылық көмегімен 41 тұрғын үй салу жоспарланды, 22-сі Тәуіш ауылында толығымен аяқталды, 19 үйге Көлқамыс ауылында құрылыс жұмыстары жүргізілуде.
Тәуіш ауылында әдемі үйлер 3 мердігер ұйымның: «БК-Строй» ЖШС, «Рудныйсоколовстрой» АҚ, «Агрофирма «Ирина и К» ЖШС күшімен салынды. 2 мердігер ұйымдар «Pilatus Story Invest» ЖШС инженерлік желілерді жүргізсе , «BRB ProfStroy» ЖШС кірме жолдар және абаттандыру жұмыстарын жүргізді. Жалпы алғанда тасқын болған өңірлерде тұрғындарға келген шығынды өтеу алгоритмі ұқсас. Алайда бүгінде ТЖ жарияланған аймақтарда тұрғындарға келтірілген зиян көлемі толық есептеліп бітпеді.
Бүгінгі күні қуанышты мерекеге үй иелеріне кілттерді табыстау үшін премьер-министрдің орынбасары Бозымбаев Қанат және облыс әкімі Ақсақалов Құмар «Қазақстан халқына» Қоғамдық қорының басқарма төрағасының орынбасары Чинкисбаева Лаззат қатысты. Жаңа қоныс иелеріне үйлердің кілтін премьер-министрдің орынбасары Бозымбаев Қанат табыстады.
Тәуіш ауылының тұрғындары ризашылықтарын білдіріп Президентімізге, “Қазақстан Халқына” қоғамдық қорына алғыстарын білдірді.

Ұқсас ақпараттар

Көршісінің құжаттарын рәсімдеп беремін деп алаяқтық ойын іске асырған ер адам ұсталды

smarttop

ҚАЛАДА ГАЗ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ШАРАЛАРЫ КҮШЕЙТІЛУДЕ

smarttop

МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ АЗАМАТТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ ПРОКУРАТУРАНЫҢ БАҚЫЛАУЫНДА

smarttop

Пікір қалдыру