5.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

ШЫМКЕНТ: КӘРІЗБЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

Бүгінде 81 шағын ауданның 25-і (713,5 мың адам) кәріз жүйесімен қамтамасыз етілсе, 56 шағын аудан қамтылмаған.

2023 жылы 9 нысанның құрылыс жұмыстарына 8,6 млрд. теңге бөлініп, оның ішінде 2 магистралды кәріз коллекторының (Тұраннан КОС-қа дейінгі магистрал, Шымсити коллектор), 7 ішкі орамдық жүйенің (Мирас- Шапағат-2, Тассай, Тұран ішкі жүйе, Қайтпас-2, Нұртас, 112 орам, Бозарық 74 га) құрылыс жұмыстары жүргізілді.

Шымкент қаласының кәріз жүйесімен қамтамасыз етілу деңгейі 49,1%-ды құрап отыр. Бүгінде қала аумағында жалпы 838 шақырым кәріз құбырлары бар болса, оның ішінде 168 шақырымы магистралды және 670 шақырымы ішкі орамдық жүйелер. Алайда, 73% құбырлардың тозығы жеткен.

 Қазіргі таңда қала тұрғындарын кәрізбен қамту мақсатында, 3 магистралды және 14 ішкі орамдық кәріз жүйесінің құрылыс жұмыстары жүргізілуде. 

 Тоғыс шағын ауданындағы магистралдық кәріз коллекторының құрылысын 2020 жылдың соңына дейін аяқтап, ондағы 24 көпқабатты тұрғын үй кәріз жүйесіне қосылады. 
Жыл қорытындысымен 4 нысанның (Тассай, Қайтпас-2, 112 орам, Бозарық 74 га) құрылыс жұмыстары аяқталып, көпқабаттағы тұрғын үйлермен қоса 60 мыңға жуық адам кәріз жүйесіне қосылуға мүмкіндік алды.
Нәтижесінде қамту көрсеткіші 60%-дан 65%-ға өсті.
Сонымен қатар, 2024 жылы 2 магистралды кәріз коллекторының (Тұраннан КОС-қа дейінгі магистрал, Шымсити коллектор) және 6 ішкі орамдық жүйенің (Мирас-Шапағат-2, Нұртас, Тұран, Айқап, Қайтпас-1, Солтүстік-Батыс) құрылыс жұмыстарын жүргізуге бюджеттен 12,8 млрд.теңге жоспарланған.
Осы жылдың соңында мемлекет және жеке инвесторлардың қаржысы есебінен 136 көпқабатты тұрғын үйге пайдалануға беру көзделіп отыр. Аталған жұмыстар аяқталса қаланы кәрізбен қамту көрсеткіші  49,1%- дан 52,3%-ға өседі. 
 Сондай-ақ, 2023-2024 жылдары ішкі орамдық кәріз жүйелерінің құрылысы аяқталған жағдайда қаланың солтүстік бөлігінде орналасқан Шымсити, Асар-2, Достық, Тұран, Солтүстік саяжай шағын аудандары кәріз жүйесіне қосылуға мүмкіндік алады. Тәулігіне 18-20 мың текше метр кәріз суы қосымша тазартуға қосылады.  

#RSK #RSK_SHYMKENT

Шымкент қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Ғабит Сыздықбеков

Ұқсас ақпараттар

КЕЛЕШЕК ЖАС МАМАНДАРДЫҢ ҚОЛЫНДА

smarttop

ҚҰРСАЙ ЕЛДІ МЕКЕНІНДЕ ЖАҢА МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

smarttop

ШЫМКЕНТ БЕСІНШІ РЕТ “АЛТЫН БЕЛГІГЕ” ИЕ БОЛДЫ

smarttop

Пікір қалдыру